ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР! ӨЗ ЗАМАНЫНЫҢ ТАЛАБЫНА САЙ СӘНІ МЕН САЛТАНАТЫ КЕЛІСКЕН, БІРЛІГІ МЕН ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН НҰР-СҰЛТАНДАЙ ЖАС ТА КӨРКЕМ ШАҺАР – АРМАНЫ АСҚАҚ

Өз заманының талабына сай сәні мен салтанаты келіскен, бірлігі мен ынтымағы жарасқан Нұр-Сұлтандай жас та көркем шаһар – арманы асқақ, асуы биік жандардың жұмыла тұрғызған қаласы. Еуразия кіндігіне алты Алаштың басын қосқан қасиетті мекен – қиял емес, ақиқатқа айналған шынайы жетістік. 

Бас қаламыз қазақ елінің беделін шарықтатқан биік қамалға, тәуелсіздігіміздің таптырмас символына айналды. Сондықтан да астананың мерекесі әр Қазақстан азаматының кеудесіне қуаныш ұялатады. Ол – отанымыздың жүрегі, бейбіт елдің баға жетпес байлығы. Сол жүректің мәңгі соғып, көзайымымыз бола беруін тілеймін!

Елорда күні құтты болсын! Барша қазақстандықтардың шаңырағы құт-берекеге, қуанышқа тола берсін!

 

Ізгі тілекпен,

 Қазақстан Республикасының

Тұңғыш Президенті – Елбасы

кітапханасының директоры

БАҚЫТЖАН ТЕМІРБОЛАТ