Аспан түстес туымыз бен күндей алтынелтаңбамызға зер салып, туған жерге деген ыстық ықыласқа толы әнұранымыздың сөзіне құлақ асыңыздаршы. Олардың терең де киелі мазмұныкөпұлтты халқымыздың дүниетанымы мен даналығын, мақсаты мен арманын, көп ғасырлық тарихы мен төл мәдениетін бейнелейді.
Осы орайда баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрметпен,
Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті – Елбасы
кітапханасының директоры
БАҚЫТЖАН ТЕМІРБОЛАТ