Ғылыми кеңес барысында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының ғылыми-зерттеу және ғылыми-білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру аясында дайындалатын басылымдарға қатысты алты мәселе қаралды.
Елбасының 2014-2016 және 2017-2021 жылдар аралығындағы ең маңызды баяндамаларынан құралған «Н. Ә. Назарбаев. Таңдаулы сөздер» көптомдығының жалғасы (8-9 том) баспаға әзірленіп жатыр.
«Қазақстан халқының ұлттық киімдері: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінің коллекциялар каталогында» 28 музей коллекциясының киім-кешек бұйымдары бойынша ғылыми-анықтамалық ақпарат алғаш жүйеленбек.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы қызметкерлерінің ғылыми еңбектер жинағына» мекеменің ғылыми-зерттеу, ғылыми және білім беру қызметінің негізгі бағыттарын айқындаған 2021 жылғы жұмыстар енгізіледі.
Жыл сайынғы «Елбасы кітапханасының дөңгелек үстелдері мен форумдарында ұсынылған материалдар жинағы» дәстүрлі басылымына Тәуелсіздіктің 30 жылдығына, сондай-ақ егемен Қазақстан тарихындағы айтулы даталар мен оқиғаларға арналған мақалалар кірмек.
Талқылау қорытындысы бойынша Ғылыми кеңестің төрағасы, Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат басылымдарды дайындау бойынша жұмыстарды тапсырды.
Отырыс барысында Ғылыми кеңестің 2022 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Фотогалерея