«ТАРИХИ» ҒЫЛЫМИ-ЭКСПОЗИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының көрме қызметінің маңызды бағыттарының бірі «Тарихи таңдау» ғылыми-экспозициялық жобасын жүзеге асыру болып табылады. Жобаның пайда болу тарихы 2011 жылғы 14 желтоқсанда мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні құрылған сәттен басталады. Жыл сайын жоба аясында еліміздің жаңа саяси тарихының түрлі қырлары ашылады, әрбір көрме белгілі бір тақырыптық бағыт бойынша ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі болып табылады.