Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының қызметіндегі құжаттардың айрықша тарихи, ғылыми, әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени маңыздылығы бар. Олар белгіленген тәртіпте Ұлттық архив қорының құрамына енеді және халықтың тарихи-мәдени мұрасының бөлінбес бөлшегі болып табылады, Қазақстан Республикасының ұлттық игілігі ретінде мемлекет қорғауында болады.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының жеке архиві (бұдан әрі – Жеке архив) мемлекеттік және қоғамдық қызметі бойынша құжаттарды (түпнұсқалар немесе көшірмелер), өмірбаяндық және шығармашылық материалдарды, сондай-ақ оның отбасы мүшелері мен жақын туыстарының құжаттарын жинақтауды, сақтауды, пайдалануды жүзеге асыру құқығына ие кітапхананың құрылымдық бөлімшесі.