Ғылыми-білім беру қызметі

Ғылыми-білім беру қызметі

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының ғылыми-білім беру қызметі Қазақстанның тәуелсіздік кезеңіндегі жетістіктерін танымалдандандырудың инновациялық әдістерін енгізуге бағытталған жобалық қызмет арқылы жүзеге асырылады.

Ғылыми-білім беру бағдарламасы ел жастарын патриотизм және азаматтық сана-сезім рухында тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың жасампаз құндылықтық ділін нығайту контекстінде қазақстандық мемлекеттілік және оның дамуын тарихын ашып көрсететін тәуелсіз қазақстанның қалыптасу тарихының әртүрлі аспектілерін қамтитын 4 жобадан тұрады.

Ғылыми-білім беру жұмысының ерекшелігі Елбасы кітапханасының қор жинағымен: архивтік, кітапханалық, музейлік жинақтармен тікелей байланысты болуында.

2015 жылдың қазан айынан бастап Елбасы кітапханасы  екі күндік семинар-тренингтер ұйымдастыру жобасын іске асыруда. Қоғамдық-саяси және бағдарламалық күн тәртібіне қарай өзектендіріліп отырады. 2015 жылғы семинардың тақырыбы «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам». 2017 жылғы семинардың тақырыбы: «Мәңгілік Ел».  2018 жылы семинар Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласының желісіне құрылды. 2019 жылы семинар «Болашаққа жол өзіңнен басталады» деп аталды. 2022 жылдан семинар-тренинг «Жаңа Қазақстан: жасампаз ел мұраты» атты тақырыпта өткізілуде.

Семинар-тренингтердің тақырыбы жыл сайын қоғамдық-саяси күн тәрітібіне сай жаңғыртылып отырады. Бүгінгі таңда осы жобаға 10 000-нан астам тыңдаушы қатысты. 

2020 жылдан бастап еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты екі күндік семинар-тренингтер онлайн режимде жүргізілетін екі күндік вебинарға ауыстырылды.  Вебинарларда теориялық материалға ғана емес, сонымен қатар жастардың сыни және жобалық ойлау қабілетін дамытуға мұқият көңіл бөлуге, командада жұмыс істеуге үйретуге, түрлі жаттығуларды орындау арқылы лекциялық материалды бекітуге мүмкіндік беретін тренингтер өткізіледі.

Вебинар сертификацияланған, сндай-ақ «Ең қызықты жоба үшін» және «Белсенді қатысқаны үшін» деген ынталандыру марапаттары енгізілді. Бұл –  курстың онлайн режимде жұмыс істейтін тыңдаушылары үшін қосымша ынталандыру болды. 

Вебинар тыңдаушылары оң пікірімен жиі бөліседі, соның бірі: «Мен «Болашаққа жол өзіңнен басталады» вебинарына қатысып, орасан зор тәжірибе мен эмоцияға кенелдім, қазақ мәдениеті, оның еліміздің жаңғыру мен даму үдерісіндегі маңызы туралы жаңа білімдер алдым. Бұдан басқа Елбасы кітапханасы профессорлары өткізген лекциялар мен тренингтер Елбасының өмір жолы туралы көптеген жаңа мағлұматтарды білуіме көмектесті. Мен Кітапхана басшылығы мен профессорларына барлық студенттер үшін осындай іс-шараларға қатысып, дамуына қолжетімді мүмкіндіктер бергені үшін алғысымды білдіремін».

Нұр-Сұлтан қаласының білім беру басқармасымен бірге тұрақты түрде Лекторий іске асырылуда – елорда оқушылары, студенттер мен мұғалімдерге арналған лекциялар, музейлік сабақтар, шеберлік сабақтары, кездесулер, байқаулар өткізіледі.

Кітапхана қызметінің тағы бір ерекше бағыты – мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеу. Ерекше балаларға арналған  көптеген әріптестермен бірге түрлі қайырылымдылық акциялары, жыл сайынғы мерекелер, арт-терапиялық сессиялар, семинарлар мен шеберлік сабақтары өткізіліп тұрады.

Кітапхана музейінің базасында «Ақиқат» дебаттық клубы ашылды. «Ақиқат» дебаттық клубы Нұр-Сұлтан қаласында дәстүрлі түрде Тұңғыш Президент кітапханасының ауыспалы кубогы үшін үш негізгі маусымдық: күзгі, қысқы, көктемгі дебаттық турнирын өткізіп тұрады.

 Нұр-Сұлтан қаласының білім беру мекемелерінің оқушылары арнайы бағдарлама бойынша «зерттелмеген аралдарды» мектеп музейлерін аралайды. Мектепаралық музейаралық регата жобасы – елорда педагогтары мен Музей қызметкерлерінің табысты ынтымақтастығының нәтижесі. Ойын-саяхаттың шарттары бойынша Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасының музейі – барлық «аралдарды» – өз экспозицияларындағы материалдардың негізінде өздігінен тақырыптық ойын маршруттарын құрастырып, экипаждар үшін конкурстық тапсырмалар дайындаған мектеп музейлерін біріктіретін «архипелаг» іспетті.

Елбасы кітапханасының қызметкерлері елорда мен өңірлердегі мектептердің тарих пәнінің мұғалімдеріне ғылыми-білім беру қызметін іске асыруға және Кітапхана кеңістігінің әлеуетін пайдалануға әдістемелік көмек көрсетеді, ғылыми-білім беру іс-шараларын әдіснамалық талқылау жүргізеді.   

Кітапхананың Нұр-Сұлтан қаласының бірыңғай білім-тәрбие беру кеңістігіне интеграциялану бойынша жұмысын үйлестіруді білім  және тәрбие беру мекемелері мамандарының басын қосатын Педагогтар кеңесі жүзеге асырады.