Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы жеке кітапханасының қызметі «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» 2000 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына, «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.
Жеке кітапхана қорының негізін Елбасының кітаптары мен оның Қазақстан Республикасында және шетелде шығарылған авторлық туындылары; авторлардың Тұңғыш Президентке сыйға тартылған қолтаңбалары бар кітаптар мен басқа да баспа басылымдары; сирек кездесетін, жиынтық және сыйлық басылымдар; мерзімді басылымдар (газеттер, журналдар); анықтамалық әдебиеттер (энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар); биобиблиографиялық және библиографиялық көрсеткіштер мен электрондық басылымдар құрайды.