1-жоба. «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы».
Бұл жобаның мақсаты – Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасу тарихындағы Н.Ә.Назарбаевтың рөлін зерттеу және оны түсіндіру. Жобаның хронологиялық аясы – 1985 - 1991 жж.
Жоба төмендегі міндеттерді шешуге бағытталған:
1. Тарихи, саясаттанушылық, экономикалық және әлеуметтанушылық зерттеулер негізінде тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін зерттеу;
2. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасын құрудағы тарихи рөлін ашу;
3. Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде тану мен Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының қалыптасуының негізгі кезеңдерін көрсету.
Ғылыми жоба аясында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі баспаға «Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасу тарихы» атты мақалалар мен сөйленген сөздер жинағын дайындады.
Жоба тақырыбы бойынша жарияланған мақалалар саны – 20 (7 б.т.):
«Мирас» қоғамдық-саяси және ғылыми-көпшілік журналында – 15 мақала;
Халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар материалдарының жинағында ақпараттық материалдар – 5.