Конференциялар, форумдар, дөңгелек үстелдер

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІМІЗДІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ ҚАРСАҢЫНДА «МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІҢ РӘМІЗДЕРІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

01 маусым 2022

А.ж. 1 маусымда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында мемлекеттік рәміздеріміздің 30 жылдығына орай «Мемлекеттіліктің рәміздері» халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

Конференция өскелең ұрпақтың еліміздің мемлекеттік рәміздерімізге құрметпен қарауын нығайтуды көздейді.

«КІТАПХАНА МЕН АРХИВ – АҚПАРАТТЫҚ-БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТІ» КӘСІБИ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

27 мамыр 2022

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «open space» форматында «Кітапхана мен архив ақпараттық-білім беру және ғылыми-зерттеу ортасының элементі» кәсіби сессиясы өтті.

ЖАС ҒАЛЫМДАР МЕН СТУДЕНТТЕР «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» СЕМИНАРЫНА ҚАТЫСТЫ

26 мамыр 2022

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті халықаралық қатынастар факультетінің студенттері қатысқан  «Жаңа Қазақстан – болашаққа бастар жол» семинары өтті.

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМЫ АЛДАҒЫ РЕФОРМАЛАРДЫҢ ТҰРАҚТЫ ТРАЕКТОРИЯСЫН АЙҚЫНДАЙДЫ - Б.ТЕМІРБОЛАТ

25 мамыр 2022

Бүгін Елбасы кітапханасында жаңа Қазақстанды құрудағы конституциялық реформаның маңызын талқылауға арналған «Референдум: тұжырымдамалық аспектілер» дөңгелек үстелі өтті. Іс-шараға сарапшылар қауымдастығының өкілдері, ғалымдар, қоғам қайраткерлері қатысты.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА «НИЗАМИ ГӘНЖАУИ» АРТ-АЛЬБОМЫ МЕН КӨРМЕСІНІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

14 желтоқсан 2021

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында әзірбайжан халқының ұлы ақын-философы Ілияс ибн Жүсіп Низамидің (әдеби лақап есімі – Гәнжауи) 880 жылдығына арналған «Низами Гәнжауи» арт-альбомы мен көрмесінің тұсауы кесілді.
Альбомға Низами шығармаларының негізінде жарық көрген түрлі танымал суретшілердің 100-ден астам жұмысы енген. Үстіміздегі жыл Әзірбайжанда Низами жылы деп жарияланған.

«ЕЛ ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ МЕН «ЕГЕМЕНДІК ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ» ФОТОКӨРМЕСІ ӨТТІ

09 желтоқсан 2021

Бүгін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде Елбасы кітапханасының «Қазақстан жолы» жобасы аясында «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ Тәуелсіздіктің 30 жылдығына дайындаған «Егемендік және Елбасы» фотокөрмесі ашылды. Оның аясында «Егемен Қазақстан кітапханасы» сериясымен жарық көрген «Ел және Елбасы» жинағының тұсауы кесілді.

ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАЛАР МЕН ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

03 желтоқсан 2021

Бүгін Елбасы кітапханасында магистранттар мен докторанттар арасында өткен «Қазақстан жаһандық әлемде: ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру жолдары» ғылыми мақалалардың және оқушылар арасында жарияланған «Тәуелсіз Қазақстан және Елбасы» ғылыми-зерттеу жобаларының республикалық конкурсы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. 

«ТҮРКІ ӘЛЕМІ: ТАРИХ, ҚАЗІРГІ ЗАМАН, БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

06 қараша 2021

5 қарашада Анкарада Түркия Президенті Әкімшілігі жанындағы Ұлттық кітапханада Қазақстан мен Түркияның көрнекті саяси және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен «Түркі әлемі: тарих, қазіргі заман, болашақ» халықаралық конференциясы өтті.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА «ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ЖІБЕК ЖОЛЫ: ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ МҰНАЙ-ГАЗ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

29 қыркүйек 2021

29 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Энергетикалық Жібек жолы: Орталық Азиядағы мұнай-газ ынтымақтастығының нәтижелері мен перспективалары» халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Бұл конференция ұлттық...