Елбасы кітапханасының редакциялық-баспа қызметінің негізгі бағытына Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуы мен дамуы тарихын, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың қызметін, Елбасы тұлғасының феноменін, оның заманауи саяси қызметін, Қазақстан мемлекеттілігін дамытуға қосқан тарихи үлесі мен әлемге ықпал еткен стратегиялық бастамаларын зерттеуге арналған басылымдарды шығару болып табылады.
Елбасы кітапханасының баспа-полиграфиялық кешені базасының құрамына Кітапхананың құрылымдық бөлімшелерінің баспа жобаларын іске асыратын жеке баспаханасы кіреді, онда баспаға жіберілетін басылымдарды алғашқы жоспарланған сәттен бастап, дайын тиражды басып шығарғанға дейінгі толық әзірлеу циклі жүзеге асырылады.
Елбасы кітапханасының баспа жобаларына «Miras» қоғамдық-саяси және ғылыми-көпшілік журналы, сондай-ақ түрлі ғылыми, білім беру, ғылыми-қор, анықтамалық, ақпараттық, бейнелеу басылымдары жатады.
Елбасы кітапханасының баспалық бағытының стратегиясы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев: мемлекеттік басқарудың стратегиясы және лидерлік феномені» ғылыми бағдарламасы, ғылыми-білім беру бағдарламалары және оның «Қазақстан Республикасын қалыптастыру мен дамытудағы Н. Ә. Назарбаевтың саяси бастамалары», «Қазақстан мәдениетінің тарихы», «Бала және мәдениет» жобалары, «Әлемді өзгертетін идеялар» әлеуметтік жобасы, «Қазақстан жолы: Мәңгілік Ел», «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» ақпараттық-ағартушылық курстары, ғылыми-қор зерттеулері, Елбасы кітапханасының экспозициялық-көрме және ақпараттық-имидждік қызметі негізінде қалыптасқан.
Аталмыш бағдарламалар, жобалар мен зерттеулерді іске асыру аясында ғылыми еңбектер жинақтары, оқу-әдістемелік құралдар мен кешендер, альбомдар, катологтер, жолкөрсеткіштер, архивтің құжаттық- иллюстрациялық жинақтары, ақпараттық бүктемелер және өзге де баспа өнімдерінің түрлерін дайындау және басып шығару қарастырылған. Бұған қоса, күнтізбелер, открыткалар (ашық хаттар), плакаттар, жарқағаздар (афишалар), дипломдар мен сертификаттар тәрізді алуан түрлі мекеме өнімдері басып шығарылады.
Елбасы кітапханасының баспа өнімдерін дайындау және басып шығару нәтижелері:
* қазақстандық саяси, ғылыми және білім беру саласының жұртшылығын, мемлекеттік қызметтің өңірлік өкілдерін, жалпы халықты Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қалыптастыру мен нығайту үдерісіндегі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың рөлі туралы ақпараттандыру;
* тәуелсіз Қазақстанның тарихына арналған ғылыми, архивтік және музейтану зерттеулерінің нәтижелері мен Елбасы кітапханасының экспозициялары туралы материалдарды жариялау, осы материалдармен танысу арқылы оқырмандар туған елдің тарихы жайлы білімдерін толықтырады;
* өз тарихын, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін құрметтеу тәрізді жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттау арқылы өскелең ұрпақтың саналы патриоттық сезімдерін дамыту.
Басып шығарылған баспа өнімдері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының ресми сайтында «Басылымдар» бөлімінің «Miras» журналы» және «Кітапхана басылымдары» бөлімшелерінде ұсынылған.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы баспа өнімдері арқылы Қазақстанның қоғамдық-саяси және мәдени ортасында белсенді танылып келеді, сондай-ақ ел ішінде және шетелдерде әлеуметтік-мәдени саясаттың маңызды субъектісі болып табылады.