Ғылыми кеңес

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Ғылыми кеңесі ғылыми-зерттеу, ғылыми-білім беру, ғылыми-әдістемелік, сараптамалық-талдау қызметі мәселелерін қарастыратын коллегиялық кеңесуші орган болып табылады.

Ғылыми кеңестің құрамына төраға мен оның орынбасары, ғалым-хатшы, сондай-ақ директордың орынбасарлары, қызмет басшылары, жетекші ғалымдар, ғылыми дәрежесі бар мамандар кіреді. Ғылыми кеңестің төрағасы – Кітапхананың директоры.

Ғылыми кеңес ұйымдастырушылық, тұжырымдамалық-стратегиялық жоспарлау, сараптамалық-талдамалық, әдістемелік, әдіснамалық жұмыс бағыттарын институциялауға мүмкіндік береді. Ғылыми кеңестің қызметін жоспарлау осы бағыттарға сай жүргізіледі.

Ғылыми кеңестің жұмысы архив, кітапхана мен музей, ұйымның барлық құрылымдық бөлімшелерінің қызмет ерекшеліктері бойынша ғылыми зерттеулерді үйлестіруге, біріктіруге мүмкіндік берді.

Ғылыми және ғылыми-білім беру бағдарламаларын, ғылыми-экспозициялық және ғылыми-қор жобаларын іске асыру аясында жүзеге асырылатын зерттеулер мен басылымдар Ғылыми кеңес мүшелерінің талқылауы мен бекітуіне ұсынылады.

Барлық басылымдар Кітапхананың білім беру, экскурсия, қор және т.б. бағыттағы жұмыстарында сәтті түрде пайдаланылады.

Ғылыми кеңестің шешімдері – ғылыми-зерттеу және қолданбалы жұмыс нәтижелерінің жарыққа шығуына негіз.

           

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

26 желтоқсан 2022

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасында Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңес мүшелерінің қарауына ұйымның ғылыми жобаларын іске асыру аясында дайындалған басылымдар ұсынылды.

Мәселен,  «Қазақстан және мұсылман әлемі» ғылыми жинағы тәуелсіз Қазақстанның бейбіт және көп векторлы саясатының арқасында қол жеткізілген сыртқы саясаттағы жетістіктерді насихаттауға бағытталған. 

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

16 маусым 2022

Ағымдағы жылдың 14 маусымында ҚазақстанРеспубликасының Тұңғыш Президенті – Елбасыкітапханасы Ғылыми кеңесінің кезекті отырысыөтті.

Отырыс барысында Ғылыми кеңес мүшелеріғылыми-зерттеу қызметі туралы ереженіқарастырып, бекітті. Бұдан басқа, кітапханақызметкерлері дайындаған басылымдар талқылауғажәне бекітуге ұсынылды.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

24 желтоқсан 2021

Ғылыми кеңес барысында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының ғылыми-зерттеу және ғылыми-білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру аясында дайындалатын басылымдарға қатысты алты мәселе қаралды.
Елбасының 2014-2016 және 2017-2021 жылдар аралығындағы ең маңызды баяндамаларынан құралған «Н. Ә. Назарбаев. Таңдаулы сөздер» көптомдығының жалғасы (8-9 том) баспаға әзірленіп жатыр.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

24 қыркүйек 2021

24 қыркүйекте Елбасы кітапханасы Ғылыми кеңесінің отырысы өтті. Кезекті басқосуда ғылыми-зерттеу және ғылыми-білім беру бағдарламасын жүзеге асыру аясында дайындалған басылымдар ұсынылды.

«Біз білетін Елбасы» естеліктер жинағы – Елбасы кітапханасының жетекші ғылыми қызметкерлерінің...

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ

23 маусым 2021

Елбасы кітапханасының Ғылыми кеңесі 2017 жылы құрылған сәттен бастап ғылыми-зерттеу, ғылыми-білім беру, ғылыми-әдістемелік, сараптамалық-талдау қызметі мәселелерін қарайтын  алқалы кеңесші органға айналды. Ғылыми кеңестің жұмысы ұйымдастырушылық, тұжырымдамалық-стратегиялық жоспарлау, талдау-...

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ

30 желтоқсан 2020

Бүгін Елбасы кітапханасында Ғылыми кеңестің отырысы өтті. Елбасы кітапханасының директоры, Ғылыми кеңестің төрағасы Әмірхан Рахымжанов алғы сөзінде қатысушыларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, биылғы жылы пандемия салдарынан туындаған қиындықтарға қарамастан, кітапхана өзінің ғылыми-зерттеу...

БҰҰ МІНБЕРІНЕН ЕСТІЛГЕН ҚАЗАҚ ДАУСЫ. ТАРИХИ БАЯНДАМАНЫҢ БЕС ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ШАРА ӨТТІ

06 қазан 2020

Бүгін Елбасы кітапханасы Ғылыми кеңесінің кезектен тыс кеңейтілген отырысы өтті. Оған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылым депутаты, саяси ғылымдардың докторы, профессор Қуаныш Сұлтанов; Қазақстан Республикасының тұңғыш сыртқы істер министрі, бір қатар мемлекеттегі...

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

25 желтоқсан 2019

Елбасы кітапханасының ғылыми кеңесі биылғы жылдың жұмысын қорытындылады. Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдардың докторы, профессор Ә.Рахымжановтың төрағалығымен өткен отырыста 2017-2019 жылдары «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы: мемлекеттік басқару стратегиясы...

КҮН ТӘРТІБІНДЕ: ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ

04 қазан 2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдардың докторы, профессор, Ғылыми кеңес төрағасы Әмірхан Рахымжановтың төрағалығымен Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырысты ашқан Әмірхан Мұратбекұлы күн тәртібіне сәйкес қаралатын...

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ 2019 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛДІ

28 наурыз 2019

28 наурызда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы  кітапханасы Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңес Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдар докторы, профессор Әмірхан Рахымжановтың төрағалығымен өтті.   

Отырыс барысында ғылыми Кеңестің 2019 жылға арналған жұмыс...