2022 жылғы 22 сәуірде Елбасы кітапханасында 8-11 сынып оқушылары арасында «Әлемді өзгертетін идеялар» қалалық ғылыми жобалар конкурсы өтті. Байқаудың мақсаты – талантты жастардың ғылымға, техникаға деген қызығушылығын арттыру, оқушылардың ғылыми-зерттеу қабілеттерін дамыту.
«Әлемді өзгертетін идеялар» қалалық ғылыми жобалар байқауын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы көпжылдық серіктестік аясында биыл жетінші рет ұйымдастырып отыр. Оған жалпы білім беретін астаналық 38 оқу орнынан 84 оқушы қатысты. «Жаңартылатын энергия – болашақтың энергиясы», «Қоршаған орта мен адам денсаулығын қорғау», «Архитектрура. Құрылыс» секциялары бойынша барлығы 69 жоба ұсынылды.
Бірінші секция бойынша І орынды № 8, 60, 81 және «Astana English School» мектеп-лицейлерінің оқушылары иеленді. ІІ орынды № 56, 64, 84 мектеп-лицейлері мен №86 мектеп-гимназиясының оқушылары алды. ІІІ орын № 4, 51 мектеп-гимназияларының, № 79, 85 мектеп-лицейлерінің оқушыларына бұйырды.
«Қоршаған орта мен адам денсаулығын қорғау» секциясында № 8, 40, 85 мектеп-лицейлері мен № 58 мектеп-гимназиясының жобалары І орын алды. ІІ орынды № 14, 87 мектеп-гимназиялары, №40, 64, 76, 79 мектеп-лицейлері иеленді. № 4, 9, 67 мектеп-гимназияларының, «Зерде» мамандандырылған мектебінің, № 38, 85, 64 мектеп-лицейлерінің, № 57 орта мектебінің оқушылары үздік үштіктен көрінді.
«Архитектрура. Құрылыс» секциясы бойынша І орын берілген жоқ. ІІ орынды № 40 және 54 мектеп-лицейлерінің жобалары тең бөлісті. ІІІ орынды № 59 мектеп-лицейі мен № 86 мектеп-гимназиясы иеленді.
Сонымен қатар, белсенді қатысқаны үшін № 28, 72, 73, 15, 38, 84, 85 мектеп-лицейлерінің, № 4, 7, 9, 14, 51, 67, 68, 69 мектеп-гимназиялардың, BINOM «Сарыарқа», BINOM «Ұлы дала» мектептері, «Зерде» және № 24, 44 орта мектептерінің оқушылары грамоталармен марапатталды.
Байқаудың барлық қатысушыларына сертификаттар табыс етілді.