2014 жылы 25 қарашада сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздік күніне арналған «Стратегия–2050» контекстіндегі Қазақстан Республикасы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері: тәжірибе және перспективалар» атты «дөңгелек үстел» өткізілді.
«Дөңгелек үстел» Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің Ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп ұйымдастырылды.
«Дөңгелек үстел» жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілдері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті Ғылыми-зерттеу институтының басшылары мен ғылыми қызметкерлері, ғалымдар, зерттеушілер, С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің оқушылары қатысты.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің директоры А. Сағынғали өзінің құттықтау сөзінде: «Бейбітшілік пен келісім, барлық азаматтардың тең құқылығы және олардың Отан тағдыры алдындағы жалпы жауапкершілігі – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі. Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылуының 20 жылдығына орай 2015 жылдың Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп аталуы кездейсоқ емес. 2015 жыл – қолданыстағы Конституция қабылдануының 20 жылдығы, Қазақ хандығы негізі қалануының 550 жылдығы және Ұлы Жеңістің 70 жылдығы аталып өтетін жыл» деп атап өтті.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті бастығының орынбасары, Ғылыми-зерттеу институтының бастығы, тарих ғылымдарының докторы, доцент, полковник М.Ө. Серкпаев өз баяндамасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылуы мен қалыптасуындағы Елбасының рөліне тоқталды және «Мемлекет басшысы Қарулы Күштер құрылуының алғашқы күнінен бастап қорғаныс жүйесінің басшылығына, қол жеткізген тәуелсіздік сенімді қорғауды қажет ететінін әрдайым еске салып жүрді» деп атап өтті.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының сектор меңгерушісі, әлеуметтану ғылымдарының докторы С.А. Коноваловтың баяндамасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев имиджінің әлеуметтік инженериясы ашып көрсетілді.
«Дөңгелек үстелге» қатысушылардың баяндамаларында құрлықтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету факторы ретінде мәдениетаралық, конфессияаралық және ұлтаралық үнқатысу мәселелері; Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың талабы тұрғысында әскери білім мен ғылымның дамуы; ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерлердің жаңа түрлеріне қарсы әрекет ету бойынша Қазақстанның ТМД мемлекеттерімен қарым-қатынастары; Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы
Н.Ә. Назарбаевтың қазақстандық космонавтиканы қалыптастырудағы рөлі туралы мәселелер қарастырылды.
«Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – әлемдік қоғамдастықта лайықты орын алғысы келген әрбір мемлекеттің маңызды басымдықтарының бірі. Бұл өзінің ұлттық мүдделерін нақты түйсінген және ішкі саяси және сыртқы саяси басымдықтарының өзіндік иерархиясын тұрғызған егеменді мемлекеттердің қатарына енген Қазақстан үшін де ақиқат» деп атап көрсетті «дөңгелек үстелге» қатысушылар.
Тәуелсіз мемлекет құру теориясы мен практикасына елеулі үлес қосқан Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев ұлттық қауіпсіздікті нығайтуда айрықша маңызды рөл атқарады. Оның тікелей жетекшілігінің арқасында Қазақстанда жаһандық дәуірдің талабы мен рухына сәйкес келетін ұлттық қауіпсіздіктің үйлесімді әрі тиімді жүйесі құрылды.