Сіздерді Жаңа жыл мейрамымен құттықтаймыз!

Құрметті қазақстандықтар!

новый год

2016 жыл тәуелсіздік жолының ширек ғасырлық белесін табысты еңсерген Қазақстанның мерейін асырып, бірлік пен берекенің, тұрақтылық пен татулықтың жылына айналды. Қазақстандық арманға бастайтын жолды көрсеткен Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында мемлекетіміз қарыштап дамуға бет алды. Табалдырығымызды аттайтын Жаңа жыл елімізді әлемнің төріне шығарып, халқымыздың әл-ауқатын арттырсын! Жаңа жылда Сіздерге мықты денсаулық, мол бақыт, ел мүддесі жолындағы жұмысыңызға табыс, барлық бастамаларыңызға сәттілік, отбасыңызға қуаныш пен шаттық, құт-береке тілейміз!