ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАЛАРЫ, ОРТАЛЫҚТАРЫ МЕН ҚОРЛАРЫ ТУРАЛЫ ӘЛЕМДІК ЖАҢАЛЫҚТАР ДАЙДЖЕСІ (ҚАЗАН-ЖЕЛТОҚСАН 2016 ЖЫЛ)

«Еуропалық музей жылы» байқауының жеңімпаздары 2017 жылы анықталады

Беделді «Жылдың еуропалық музейі» халықаралық (EMYА) байқауының сыйлығына үміткерлердің тізімі жарияланды. Беделді шығармашылық бәйгенің жүлдесі үшін әлемнің 24 мемлекетіндегі 46 мұражай өзара бақ сынасады. Байқаудың қорытындысы 2017 жылдың 3-6 мамыры аралығында шығарылып, жеңімпаздар марапатталмақ. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі мұражайлардың тынысын бағалайтын халықаралық байқау 1977 жылдан бері қолға алынған. Оған қатысуға ниет білдіргендер қазылар алқасының назарына қолданылатын инновациялар мен жаңа жобаларын ұсынады. Басымдық мұражай топтамаларына емес, оларды келушілерге түсіндіруде ерекшеліктерге беріледі. Жыл сайын байқау аясында 3 негізгі сыйлық және арнайы наградалар тарту етіледі. Инновациялық және қызметі мінсіз мұражай «Жылдың үздік еуропалық музейі» танылады. Жалпы еуропалық мәнге ие рухани орда Еуропа Кеңесінің сыйлығын иеленеді. Микилетти жүлдесі ғылыми-техникалық мұраның маңыздығын көпшілікке түсіндірудің үздік тәсілін паш еткен мұражайға бұйырады. http://yeltsin.ru/news/muzeya-borisa-elcina-vysokaya-ocenka-mezhdunarodnyh-ekspertov/

2017 жылғы Линкольн сыйлығының иегері анықталды

2006 жылдан бері АҚШ 16-шы президенті Авраам Линкольнның мұрасын зерттеушілер арнайы сыйақыға ие болады. Игі дәстүрге айналған бастама аясында үздік жұмыстар сарапталады. 2017 жылғы сыйлық америкалық астрофизик Нил де Грасс Тайсонға табысталады. Философия докторы 1863 жылы Ұлттық ғылым академиясының іргетасын қалаған президенттің еңбектерін арқау еткен. Белгілі ғалым күрделі ғылыми теорияларды қарапайым адамға түсінікті және қолжетімді түрде жеткізе білу қасиетімен ерекшеленген. Линкольнның көшбасшылық сыйлығымен 9 адам марапатталған. Олардың арасында тарихшы Д. Гудвин, кинорежиссер С. Спилберг, астронавт Д. Ловелл кіші, журналист Т. Рассет бар. Тайсон 2017 жылдың наурызында 16-шы президенттің арнайы сыйақысын иеленген ондықты түйіндемек. http://www.alplm.org/WaystoGive/LincolnLeadershipPrize/2017Recipient.aspx

«Анталья Экспо-2016» көрмесінің үздіктері анықталды

Халықаралық көрме «Болашақты жасыл желекке бөле» ұстанымымен Анталья қаласында ұйымдастырылған. Онда 53 мемлекет өздерінің бірегей биоәртүрліліктерін паш етіп, өсімдіктер мен жануарлар әлемімен таныстырды. Оның қорытындысы бойынша көрменің алтын жүлдесі Қытайға бұйырды. Аспан асты елінің экспозициясы 3,15 мың шаршы метрді қамтыған. «Бақтың экстерьері және интерьері» аталымында бірінші орынды Әзербайжанның, Германияның, Катардың, Қытайдың, Тайландтың, Жапонияның, Оңтүстік Кореяның павильондары иемденген. Гейдар Алиев орталығының қолдауымен ұйымдастырылған павильон шамамен екі мың шаршы аумақты қамтыған. Экспозицияда бақша, интерактивті және балаларды бау-бақшадағы жұмыстарға үйрететін аумақтар қарастырылған. Онда Әзербайжанның әсем табиғатымен сырттай танысуға мүмкіндік бар. Қолөнер туындылары да көрмеден сырт қалмады. Келушілер үшін кілем тоқудың тарихы және оның қыр-сыры баяндалады. Әзербайжан кілем мұражайының жәдігерлері, танымал суретшілердің жұмыстары да павильонға қойылған. http://heydaraliyevcenter.az/#5_Xeberler_227

83-ші жылдық туған күнін тойлаған президенттік кітапхана

Беларусь Республикасы президенттік кітапханасының тарихи тамыры тереңде. 10 желтоқсан күні рухани орданың іргетасы қаланғанына 83 жыл толды. Бүгінде кітапхананың қорында әртүрлі тілдерде 1,5 млн дана отандық және шетелдік құжаттар сақталған. Оның ішінде сирек кездесетін және аса құнды басылымдар бар. Кітапхананың тарихынан сыр шертетін жәдігерлерді де тамашалауға мүмкіндік бар. 2008 жылы рухани ордада мұражай ашылған. Минск қаласындағы Үкімет үйінде орналасқан Кітапханада 13 бөлім бар. Барлық ақпараттық қорлар дәстүрлі және электронды түрде оқырмандар назарына ұсынылады. Жыл сайын Кітапхана 39 мыңға жуық жеке және ұжымдық пайдаланушыларға қызмет көрсетеді. http://www.preslib.org.by/news/type1/s-dnem-rozhdeniya-biblioteka

Қарашай-Черкес елінде Президент кітапханасы ашылды

Ресейдің оңтүстігінде Президент кітапханасының алғашқы ақпараттық-ағарту орталығы ашылды. Оның арқасында аймақтар арасындағы байланысты нығайтып, мәдени мұраны кеңінен дәріптеу көзделіп отыр. Өңіраралық ақпараттық-ағарту қызметі бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыруға, электрондық түрде мәліметтермен өзара алмасуға, жаңа жобалар мен идеялардың қолға алынуына қолғабыс етпек. http://www.stapravda.ru/20161121/prezidentskaya_biblioteka_poyavilas_v_karachaevocherkesii_98144.html