«Әлемді өзгертетін идеялар» Республикалық Байқауының қорытындысы шығарылды

Қазақстан Республикасының ПрезидентіЕлбасының кітапханасы «Әлемді өзгертетін идеялар» атты республикалық байқау ұйымдастырды.       Сайыс «Назарбаев зияткерлік мектептері»  дербес білім беру ұйымы мен  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне қарасты республикалық мектеп-интернаттары арасында өткізілді.
0U3A1889

Мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының идеялары мен бастамаларын зерттеп, білім беру барысында инновациялық тұрғыда қолдану.

Байқауға елдің барлық облыстарынан 54 оқытушы қатысты. Қатысушылар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің кітаптары бойынша әдістемелік зерттеулерін ұсынды.

Жұмыстар 6 талап бойынша 10 балдық жүйеде бағаланды:

1) Мақсат пен талапқа сәйкестік;

2) Жаңашылдык;

3) Методологиялық база;

4) Тәрбиелік мен білім берудегі мәні;

5) Жұмыстың қолданбалылығы;

6) Мәліметті пайдалану (қолдану методикасы).

Байқау қорытындысы бойынша Баян Төлебаева жеңімпаз атанды (Павлодар қ. химиялық-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі тарих пәнінің мұғалімі). Екінші және үшінші орындар — Арайлым Мағзұмова (Орал қ. физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі тарих пәнінің мұғалімі), Жанар Жүргенбаева (Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы қ. республикалық әскери мектеп-интернаты химия пәнінің мұғалімі).

         «Әлемді өзгертетін идеялар» республикалық байқауының комиссия мүшелері:

1)      Сайраш Әбішкызы – Қазақстан Республикасының білім саласының құрметті қызметкері, қоғамдық қайраткер, «Қазақстан мектебі» журналының бас кеңесшісі, бұрынғы бас редакторы;

2)      Жаңыл Алпамысқызы Жонтаева – ҚР Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры;

3)      Жанұзақ Керімбекұлы Мүсәпір – «Білім және мәдениет» телеарнасының атқарушы продюсері, ҚР жазушылар Одағының мүшесі, ҚР суретшілер Академиясының академигі, ҚР журналистер Одағының мүшесі;

4)      Толқын Слямкұлқызы Сламбекова – Л.Н.Гумилев атындағы әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты;

5)      Марат Орынтайұлы Әбдікәрімов – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы ақпараттық саясат және коммуникациялар бөлімінің басшысы.

 

Марапаттау рәсімі 8 желтоқсанда 2014 ж. сағ.: 16.00-де Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, «Назарбаев зияткерлік мектептері»  дербес білім беру ұйымы өкілдерінің қатысуымен өтті. Байқау  жеңімпаздарына және номинаттарына сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

 

Қосымша ақпарат

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» Мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының 13 наурыз 2014 ж. Жарлығына сәйкес құрылды.

Мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының жеке кітапханасы мен жеке мұрағатының жұмысын қамтамасыз ету, Қазақстанның қалыптасу және даму тарихын зерттеу, Мемлекет басшысының  идеялары мен бастамаларын ел ішінде және шетелдерде ғылыми-талдамалық және ақпараттық-имидждік ілгерілету.