ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР! СІЗДЕРДІ РЕСПУБЛИКА КҮНІМЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫН!

Бұл мемлекетіміздің тарихында алтын әріптермен жазылған маңызды күндерінің бірі.
1990 жылғы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы қабылданып, тәуелсіздік жолында алғашқы қадам жасалды!
Биыл Президент Қ.К.Тоқаевтың бастамасымен Республика күні Қазақстанның ресми күнтізбесінде ұлттық мереке мәртебесіне ие болды.

Құрметті достар!
Айналамызда әскери қақтығыстар оты лаулап тұрған кезінде мемлекеттік егемендігінің айрықша құндылығы ерекше сезіледі.
Даңқты өткенімізге мақтанышпен арқа сүйей отырып, лайықты болашағымызды, Жаңа Әділетті Қазақстанымызды құрайық!


Ізгі тілікпен,

Қазақстан Республикасы
Тұңғыш Президенті кітапханасының
директоры
БАҚЫТЖАН ТЕМІРБОЛАТ