2022 жылдың 26 тамызында сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасында (Ә. Бөкейхан к-сі, 1а) Конституция күні мен Білім күніне арналған «Ата Заң – елдігімнің негізі» тақырыбында мерекелік сабақ өтеді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасының директоры Темірболат Б.Б., Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының өкілдері және елорда мектептерінің мұғалімдері қатысады.
Binom-School Tanym мектебінің сәбилері үшін Кітапханасының қабырғасында алғаш рет алғашқы қоңырау соғылады. Болашақ мектеп оқушыларының алғашқы сабағы еліміздің ата заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясына арналады.
Шара мемлекетіміздің саяси рәміздеріне құрметпен қарауды қалыптастыруға, патриоттық және азаматтық сана рухында тәрбиелеуге, шығармашылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған.
БАҚ өкілдері аккредитациядан өтуі тиіс!
Оған қажетті мәліметті 25.08.22 күнгі сағат 16.00-ге дейін presidentlibrary.pr.kz@gmail.com электрон поштасына жіберген жөн.
Байланыс нөмірлері: + 7 (7172) 69-30-56.