КІТАПХАНАСЫ БАС ҚАЛАНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫН ШАҚЫРАДЫ

Жаз мезгілі – оқу мен жұмыстан демалатын уақыт қана емес. Оның барысында Қазақстан мен әлем мемлекеттілігінің тарихына қатысты біліммен сусындаудың тамаша мүмкіндігіне қол жеткізуге болады.

Ол мүмкіндікті Назарбаев орталығы (Ә. Бөкейхан көшесі, 1) және Елбасы кітапханасы (Ә. Бөкейхан көшесі, 1а) ғимараттарында орналасқан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейі ұсынады.

Бірегей сәулет нысаны саналатын Назарбаев орталығының ғимараты – әйгілі Норман Фостердің туындысы.  Орталықтың бірінші, екінші және үшінші қабаттарында орналасқан экспозициялық кеңістіктерде тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін бейнелейтін архив, кітапхана және музей материалдары қойылған.

Елбасы кітапханасының музейі де ерекше. Ол классикалық музей элементтері мен заманауи мультимедиялық технологияларды ұштастырған жеті тақырыптық экспозицияны құрайды.  Олардың аясында инсталляцияларды, 3D-голограммаларды, электрон карталар мен мәппиң-шоуларды тамашалап, тач-мониторлар мен медиа-үстелдердің мүмкіндіктерін сынап көруге болады.

Қос ғимаратта жеке қордан жасақталған көрмелер де, серіктес ұйымдармен бірлесе ұйымдастырылған жобалар да өтеді.

Осы орайда бірыңғай музейлік-туристік кешеніміз келушілерге тарих беттеріне танымдық саяхат жасауды ұсынады.

Толығырақ ақпарат Елбасы кітапханасының ресми сайтында бар: https://elbasylibrary.gov.kz.