Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Туған жер – тұғырым, туған жер – Отаным» тақырыбында командалық жобалардың ашық шығармашылық конкурсын жариялайды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Туған жер – тұғырым, туған жер – Отаным» тақырыбында командалық жобалардың ашық шығармашылық конкурсын жариялайды.
Конкурстың мақсаты – оқушыларды туып-өскен жерінің маңызды тарихы мен сол өлкенін тарихи тұлғаларын танып-білу арқылы еліміз бен халқымыздың тарихи-мәдени мұрасын сақтау әрі насихаттау үшін ғылыми- зерттеу жүргізуге баулу. 

Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1.     «Менiн шежiрем // Моя родословная» (қазақ халқының мұрасын насихаттау, өз шежіресін, туған-туыстарын таныстыру).
2.    «Қасиетті елім // Край родной» (ерекше орындарды, тарихты, дәстүрлерді, аңыздарды және т. б. ұсыну.)
3.    «Менiң кiшi отанымның тарихи тұлғалары // Исторические личности моей малой родины». 

Конкурсқа республиканың жалпы білім беретін мектептерінің екі жас санатындағы: 12-ден 14 жасқа дейінгі және 15-тен 17 жасқа дейінгі оқушыларының командалары (3-5 адам)  қатыса алады.
Байқауға қатысатын командалар Instagram әлеуметтік желісінде ұзақтығы 5-7 минуттан аспайтын қазақ немесе орыс тілдерінде #малаяродина #творческийконкурс #библиотекаЕлбасы немесе #туғанжер #шығармашылықконкурс, #Елбасыкітапханасы хэштегтерімен белгіленген бейнероликтер жариялайды (бейне жарияланған тілге байланысты барлық 3 хэштег қойылуы міндетті). Бейнеролик және роликтің (пост) астында келесі мәліметтер жазылуы тиіс: номинация, елдімекен, мектеп атауы, қатысушылардың аты-жөні, бір байланыс нөмірі. Instagram-да материалдарды жариялау – 2022 жылдың 25 наурызына дейін. 

Конкурстың финалистері мен жеңімпаздарын ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерінен құралған қазылар алқасының мүшелері анықтайды. 
Жеңімпаздарды жариялау және марапаттау рәсімі 2022 жылғы 22 сәуірде Елбасы кітапханасында өтеді. Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.    
Толығырақ ақпаратты және конкурс туралы Ережені Елбасы кітапханасының www.elbasylibrary.gov.kz сайтынан алуға болады.