ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ МУЗЕЙ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ САҚТАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ К.Қ.АҚТАЕВАНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К. ТОҚАЕВ БАСТАҒАН САЯСИ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕФОРМАҒА ТҮСІНІКТЕМЕСІ

Сөзден іс-әрекетке көшу

2022 жылғы 5 маусымда өткен жалпыхалықтық дауыс беру кезінде референдум тікелей демократияның құралы ретінде өзінің өміршеңдігі мен тиімділігін көрсетті.

Қазақстанның саяси мәдениеті Екінші республиканың құрылымын қалыптастырудағы маңызды межені еңсерді. Референдумға дайындық барысында және оны өткізу кезінде бұқаралық сана-сезім жұмылдырыла түсті. Бұл құбылысты маңызды ішкі фактор, оның үстіне жаңа Қазақстанның іргелі негіздерін қалайтын қоғамдық-саяси процестердің катализаторы деп санаған жөн. Ұсынылған түзетулерге дауыс бере отырып, Қазақстан азаматтары қоғамдық өмірдің барлық салаларына, мемлекеттік басқару жүйесі мен халық шаруашылығының қызмет ету қағидаларына қатысты терең реформалардың заңнамалық негізін қалыптастырды.

Сыни тұрғыдан ойлау қабілетіне, азаматтық ұстанымның қажетті «беріктік қорына» ие, егемендік пен тәуелсіздік мұраттарына адал азаматтардың күш-жігері және ақыл-парасатымен жаңа конституциялық шынайылықты құрудың уақыты келді.