Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған мерекелік ісшаралар өтті.

2014 жылы 11 желтоқсанда ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы және Астана қ. білім Басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылған мерекелік  ісшаралар өтті.

      Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы көп жылдар бойы жемісті шығармашылық қызметтері біте қайнаған Музейдің алғашқы сенімді серіктесінің бірі. Қазақстанның Тәуелсіздік Қүнінің қарсаңында дәстүрлі түрде өтетін «Туған жерім» балалар шығармашылығының конкурсына биыл 10 жыл толды. Осы уақыт аралығында Қазақстанның барлық аймағынан көптеген балалар конкурсқа қатысты, әлемді ерекше түрде көретін көптеген қатысушылар дипломдармен марапатталды. Мерейтойлық жылы «Туған жерім» конкурсының тақырыбы киіз, киіз басу өнері болды.
      Экспозицияда жас дарынды балалар қолынан шыққан 150-ден астам киізден жасалған туындылар қойылды. Конкурстың жеңімпаздары дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Соңынан конкурстың нәтижесі бойынша салтанатты түрде көрменің ашылуы болды.