Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің екі қызметкері Қазақстан Республикасы Президентінің құрмет грамотасымен марапатталды

Тәуелсіздік күнінің қарсаңында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің ұжымында айтулы оқиға болды. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 4.12.2009 жылғы Жарлығымен музейдің екі қызметкері – Музей құндылықтарын есепке алу және сақтау қызметінің жетекші сарапшысы З.А. Әубәкірова мен Ақпараттық орталық жетекшісінің орынбасары Л.В. Флёрко кәсіби шеберлігі, бастамашылығы және шығармашылық жетістіктері үшін жоғары награда - Қазақстан Республикасы Президентінің құрмет грамотасымен марапатталды.
      Астана қаласы Кәсіподақтар кеңесі Музейдің кәсіподақ комитетінің жұмысын ерекше атап өтті. Астана қаласы Кәсіподақтар кеңесі мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі Кәсіподақ комитетінің құрмет грамотасымен көп жылғы жемісті еңбегі, жастарға тәрбие беру ісіндегі табыстары, қаланың және Музейдің қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін Экспозицияларды ұйымдастыру және экскурсиялық қызмет көрсету қызметінің аға сарапшысы Г.К. Қасенова марапатталды.