2011 жылдың 26-қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Тұңғыш Президент және тәуелсіз Қазақстанның одан әрі дамуы» ғылыми бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Қазақстан қоғамындағы төзімділік: тарихи тамырлары, мәселелері және конфессиялар арасындағы өзара сұхбатқа қолдау қөрсету» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің, Астана қаласындағы ұлттық-мәдени орталықтар мен діни конфессиялардың өкілдері, ғалымдар, зерттеушілер қатысты.
Конфессияаралық бейбітшілік, ұлтаралық бейбіт әрекеттестік, дәстүр мен инновация арасындағы тепе-теңдік азаматтық қоғамды құрудағы және мемлекеттілікті сақтаудағы маңызды факторлары болып табылады.
«Дөңгелек үстелге» қатысушылар ашық әрі нәтижелі пікірталас барысында Қазақстан Республикасындағы мәдениетаралық және конфессияаралық үнқатысудың өзекті мәселелерін талқылады. Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары Б. Темірболат республика әлемдік тәжірибеге сүйене отырып қауіпсіздік құрылымында жаңа үлгілер құрғандығын, оның жарқын айғағы – Қазақстан халқының Ассамблеясы болып табылатындығын атап көрсетті. Б. Темірболаттың пікірінше тұрақтылық пен келісімді нығайту – күн сайын жүргізілуге тиісті үлкен жұмыс. Ұлты мен дініне қарамастан тұрақтылық пен келісімді әрбір қазақстандық азамат қадірлеп сақтауы қажет, себебі біздің мемлекетіміздің ғана емес, оның әрбір азаматының аман-есендігі осы жағдайларға байланысты. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бұрханов К.Н. және Дымов О.Г. қазіргі заманғы әлемдегі ұлтаралық және конфессияаралық толеранттылықтың өзекті мәселелерін атап көрсетті.
«Әрбір конфессияда бар «бейбітшілдік» идеясына негіз құру керек. Қазақстанда толеранттылықтың үлгісі бар, біз басқаларға қарамауымыз керек, теңесуге болатын идеал біздің өзімізде бар. Біз қазақстан қоғамындағы толеранттық қарым-қатынастар потенциалын дамытуымыз қажет»,- деді Астана қаласы және Ақмола облысының бас раввині Шмуэль Карнаух.
Қатысушылар «дөңгелек үстел» қорытындысы бойынша қарар қабылдады.
«Қазақстан қоғамындағы төзімділік: тарихи тамырлары, мәселелері және конфессиялар арасындағы өзара сұхбатқа қолдау қөрсету» тақырыбына арналған
дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қабылданған
ҚАРАР
Астана қ.
26 қыркүйек 2011 жыл
2011 жылдың 26-қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Тұңғыш Президент және тәуелсіз Қазақстанның одан әрі дамуы» ғылыми бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Қазақстан қоғамындағы төзімділік: тарихи тамырлары, мәселелері және конфессиялар арасындағы өзара сұхбатқа қолдау қөрсету» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында 12 баяндама тыңдалып, оның жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Астана қаласындағы ұлттық-мәдени орталықтар мен діни конфессиялардың өкілдері, ғалымдар, зерттеушілер қатысты.
Ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасындағы мәдениетаралық және конфессияаралық үнқатысу; ұлтаралық және конфессияаралық қарым-қатынастар саласындағы мемлекеттік ұйымдар мен азамматтық қоғам институттарының өзара әрекеттестігі; Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың конфессияаралық және мәдениетаралық үнқатысуды қалыптастырудағы, қоғамда бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы бастамаларының өзекті мәселелерін талқылауды дөңгелек үстелдің басты мақсаты деп белгіледі.
Дөңгелек үстелге қатысушылар ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жетекшілігімен жүзеге асырылып жатқан бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық тәжірибесімен жан-жақты танысқан соң, республика өзінің практикалық істерімен халықтар мен діндер арасындағы келісімді қолдау және нығайту саясатын ұстанатындығын көрсетті, әр түрлі ұлттар мен діндердің бейбіт қатар өмір сүруінің өзіндік үлгісін жасауда деген тұжырымға келді.
Дөңгелек үстел қатысушылардың баяндамаларын, сөйлеген сөздері мен талқылауларын тыңдап,
ҰСЫНАДЫ:
1. Ұлтаралық, мәдениетаралық және конфессияаралық төзімділік идеясын тарату бойынша жұмыстың мәнділігін, қазақстандық «ноу-хау» – ұлтаралық келісімді сақтау мен нығайту және қазақстандық бірдейлікті қалыптастыру үлгісін насихаттаудың маңыздылығын;
Қазақстан халқы Ассамблеясы, мәдениет және білім беру мекемелерінің қазақстандық азаматтардың төзімділік санасын дамытудағы ерекше рөлін атап көрсетуді;
2. Қойылған міндеттерге әлемнің әралуандығына сыйластық пен діни төзімділік жағдайында қол жеткізу мүмкіндігін; үнқатысуды тұрғындардың этномәдени, діни санасы мен өзіндік бірдейлігіне бір мезгілде жағдай жасаған кездегі қоғамдағы бейбітшілік пен келісімнің негізгі ұстанымы ретінде пайдалануды мойындауды;
3. Ұлттық мәдениетті және мемлекет үшін дәстүрлі мәдениеттер мен діндерді нығайтуды;
өскелең ұрпақты қазақстандық полиэтникалық, поликонфессионалдық қоғамның тарихы мен мәдениетіне сыйластық пен төзімділік рухында тәрбиелеуді;
төзімді тұлғаны тәрбиелеуге арналған жұмыстың жаңа түрлері мен әдістерін дамытуды қажет деп санауды;
4. Төзімділік мәселесіне қоғамның назарын аудармай қалдырмайтын зорлық-зомбылық, төзбеушілік актілерінің, қазіргі әлемде шиеленіскен дінаралық, ұлтаралық және басқа қақтығыстардың білінген көріністеріне білім-тәрбиелік деңгейде уақытылы және ойластырылған түсінік беруді;
ұлтаралық және конфессияаралық төзімділікті зерттеу мен насихаттау саласындағы бағдарлама, жобаларды жүзеге асыру барысында тәжірибе алмасуды ұйымдастыруды;
ғылыми-зерттеу, білім беру және мәдениет мекемелерімен бірлесе отырып төзіміділік идеяларын насихаттауға және экстремизмнің алдын алуға бағытталған өлшемдер жүйесінде ерекше орын алатын ғылыми-тәжірибелік конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар – қарым-қатынас жасаудың пікірсайыстық түрлерін белсенді дамытуды қамтамасыз етуді.
Біз, дөңгелек үстелге қатысушылар, аталған міндеттерді жүзеге асыру полиэтникалық, поликонфессионалдық қазақстандық қоғамды қалыптастыру мен дамыту үшін оң резонансқа ие болатындығын атап көрсетеміз.