БҮЛДІРШІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН МУЗЕЙ САБАҚТАРЫ

ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасы елордалық № 54 «Нұр-ай» балабақшасында көшпелі музей сабағын ұйымдастырды. 

Сабақ Кітапханасының «Музей және балалар» (кішкентайларға арналған жолсілтеуші әліппе) ғылыми-ағартушылық жобасы аясында өткізілді. Сондай-ақ сабақ балаларды мәдени-тарихи құндылықтармен таныстыруға, музей әлемін көрсету арқылы патриотизм мен рухани байлығын арттыруға бағытталған. 

«Т» әрпімен танысуды қайталай отырып, балалар оны жұмбақтар мен ойын жаттығулары арқылы бекітті. Сонымен қатар, болашақ оқушылар Кітапхана музейінің экспозициялары туралы түсінік алып, «мемлекеттік тәуелсіздік» ұғымымен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен танысты.