БОЛАШАҚҚА СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Президенттің Қазақстан халқына Жолдаулары институты Қазақстанның жаңа тарихында мемлекеттік басқару жүйесінің маңызды құралына, мемлекеттік және азаматтық институттардың өзара іс-қимылын нығайтуға бағытталған тұжырымдамалық мәлімдемелерді таратушыға айналды. Еліміздің конституциялық құрылымын реформалауға бағытталған референдумның сәттілігін қамтамасыз еткен қазақстандық қоғамның әлеуметтік оптимизмі, ең алдымен, ағымдағы жылғы Жолдаулардың стратегиялық ережелерінің жүйелілігі мен сабақтастығына негізделеді.

2022 жыл Қазақстан тарихына қоғамдық құрылым идеяларын түбегейлі жаңарту кезеңінің бастамасы ретінде еніп отыр. Қазақстан Президентінің наурыз айының ортасында жариялаған «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында мемлекеттік-саяси жүйе қызмет етуінің жаңа үлгісі туралы мәлімделген болатын.

Парламент палаталарының а.ж. 1 қыркүйегіндегі бірлескен отырысында жария етілген «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында қазақстандық қоғамға әділ мемлекет құру жолындағы негізгі міндеттер ұсынылды. Бұл ретте Қ.К. Тоқаев: "Конституциялық реформа Жаңа Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды", - деп атап көрсетті. Мемлекет басшысы Жаңа Қазақстан идеясын дамытуға елімізді жаңғыртудың ұзақ мерзімді процесі ретінде және барлығына тең мүмкіндіктер беріп, әділдік орнатуды қамтамасыз ету ісінде мемлекет пен қоғамның міндеттерін түсіндіруге баса назар аударады.

Мүмкіндіктердің теңдігі – экономикалық белсенділікті, монополиясыздандыруды және экономикаға мемлекеттің араласуын азайтуды ынталандыратын либералды құндылықтарға негізделген. Бұл жол қиындықтарға толы және мемлекеттік басқару механизмінің түп-тереңінде қалыптасып қалған көптеген таптаурындар және үлгілермен байланысты. Әлемнің үздік университеттерінде тамаша білім алып, әлемдік экономиканың флагмандарынан заманауи инновациялық менеджмент дағдыларын меңгерген азаматтар өркендеген қоғам құру тетіктеріне ие болатын уақыт келді.

Халық шаруашылығының барлық салалары қажетті техникалық және технологиялық ресурстардан басқа, Жолдаудың арқауына айналған «жаңа экономикалық саясат» шеңберінде белсенді дамуға мүмкіндік алатын жаңа инвестициялық, салықтық, кедендік ресурстарды пайдаланатын болады.

  

Жолдау аясында елдің болашағына қатысты стратегиялық инвестициялар туралы айта отырып, бұл негіздемені, әлеуметтік саламен шектеліп қана қоймай, қаншалықты кеңінен түсіндіруге болатынын атап өту қажет. Ұлттық қор қаражатына парасатты, ұқыпты көзқарас, «Ұлттық қор – балаларға» атты түбегейлі жаңа бағдарламаны қалыптастыру, лайықты кәрілік үшін қолайлы жағдайлар жасау – мұның бәрі мемлекеттік және азаматтық институттардың бірлескен күш-жігерімен құрылатын болашақ Жаңа Әділетті Қазақстан идеясымен үндеседі. Алдағы жылдары мемлекеттік бағдарламалардың мазмұнын ғана емес, осы бағдарламаларды іске асыру міндеті жүктелген мамандардың құзыреттілік деңгейін де түбегейлі қайта қарастыру қажет. «Азаматтар мемлекеттік органдардан өз уәделерін ресми түрде емес, іс жүзінде орындауды күтеді». Инвестициялар, бұл жағдайда, экономикалық немесе әлеуметтік санат ретінде өз мағынасын жоғалтады. Жолдауда айтылған жаңа басқарушылардың шоғыры мемлекеттік басқару жүйесіне енуде.

Сондықтан бұл жолда мемлекеттік басқарудың жүйе құраушы вертикалі - президенттік билікті толықтай қайта жүктеудің маңызы зор болып табылады. Жаңа саяси дәуір барлық деңгейдегі қалыптасқан азаматтық бастаманың өскіндері бар бюрократиялық механизмнің мүдделер қақтығысының қолданыстағы ауыртпалығын жеке және азаматтық өсімнің жаңа стандарттарына ауыстыруды қамтиды. Партиялық және қоғамдық институттардың саяси бастамасын жандандыруға бағытталған электоралдық цикл саяси жүйенің институционалдық қайта құрылуын іске қосатын тетікке айналады, ал оның нәтижесі – Екінші республика.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арналған а.ж. 21 қыркүйегіндегі Жолдауында: «...басты мемлекеттік институттар – Президент, Парламент, Үкімет және мәслихаттардың бәрін біртіндеп қайта құрамыз» - деп атап өтті.

Саяси жаңғыру бағдарламасы нақты іске асу кезеңіне аяқ басып жатыр. Берекелі қоғам құру үшін әрбір қазақстандық өз болашағына өз инвестициясын құюы қажет, бұл – оның еңбегі, білімі және бастамасы.

 

 

Музей құндылықтарын есепке алу

және сақтау қызметінің басшысы

Ақтаева К.Қ.