ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МУЗЕЙІ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі 2011 жылы 21-қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай «Тәуелсіздік жолы: тарихы, бүгінгі шындығы және келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.
Конференция барысында тәуелсіздіктің қалыптасуы мен жаңа мемлекеттілікті құрудағы өзекті мәселелер, тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы Мемлекет басшысы – Елбасы Н. Назарбаевтың стратегиялық бастамаларының рөлі, әлеуметтік-экономикалық және саяси-құқықтық жаңғыртудың бағыттары мен келешегі, сонымен қатар қазіргі кезеңдегі тарихи бағыттағы музейлердің ғылыми-зерттеушілік және мәдени-ағартушылық потенциалы туралы маңызды мәселелер талқылауға ұсынылады.
Конференцияның секциялық жұмыстарын келесі бағыттар бойынша жүргізу жоспарланып отыр:
• Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тәуелсіз мемлекетті қалыптастыру және дамытудағы тарихи рөлі.
• Қазақстан және қазіргі әлем: әлеуметтік-саяси, тарихи-мәдени және экономикалық дамудың өзекті мәселелері.
• Тарихи бағыттағы музейлердің әлеуметтік мәдени кеңістікті қалыптастырудағы рөлі.
Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияға басқа қалалардан қатысушылардың барлық шығындары жіберуші тараптың есебінен жүзеге асырылады.
Баяндамаларды конференция бағдарламасына енгізу үшін аты-жөні мен тегі (толық), ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы, ұйымы, байланыс мекен-жайы, баяндаманың тақырыбы көрсетілген өтінішін 2011 жылдың 10 қыркүйегіне дейін жіберу қажет.
Баяндамалардың мәтіндері 2011 жылдың 1 қазанына дейін қабылданады. Мәтін бойынша келесі талаптардың сақталуын сұраймыз:
- Microsoft Word редакторында Times New Roman шрифті, 14-кегль, дара интервал, көлемі 6 бетке дейін;
- азат жол – 15 мм, азат жолдың шегінісі автоматты түрде жасалады;
- жиегі: жоғарғы және төменгі – 20 мм, сол жағынан – 15 мм; оң жағынан – 15 мм;
- автордың аты-жөні, ұйымның атауы – оң жақ бұрышында;
- баяндаманың тақырыбы бас әріптермен ортадан төменірек жазылады;
- тырнақша – «». Көрсетілетін даталарда ғасырлар рим цифрлары, жылдар араб цифрлары арқылы жазылады;
- мақаланың негізгі мәтінінің туралануы жиектің ені бойынша жасалады;
- ғылыми дереккөздерге сілтемелер атап өтілуіне сай квадратты тырнақшаларда реттік
нөмірлер арқылы, пайдаланылған әдебиеттер тізіміне сәйкес көрсетіледі: 1. Назарбаев Н. Ә. Еуразия жүрегінде. – Атамұра, 2005. – 26-б.
- қысқартулар тізіміндегі аббревиатуралар алфавиттік ретпен шифрлары ашылып ұсынылады;
- атаулар көрсеткіші алфавиттік ретпен ұсынылады.
Конференция қорытындысы бойынша ғылыми материалдар жинағы шығарылады.
Ұйымдастыру комитетінің конференция тақырыбына немесе ұсынылған талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қайтару құқығы бар.
Өтініштер мен материалдар басылған және электрондық түрде мына мекен-жайға жіберіледі:
010000, Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 11
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі
Конференция координаторлары: Ғылыми-зерттеу орталығы
Тел. (7172) 75-13-07; 75-13-99; 75-12-15
Fax (7172) 75-12-15
E-mail: mpnaukacentre@mail.ru
Қатысуға шақырамыз!
«Тәуелсіздік жолы: тарихы, бүгінгі шындығы және келешегі» атты
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға
ӨТІНІШ
Өздеріңіз туралы ақпаратты толық берулеріңізді өтінеміз