Жаңалықтар мұрағаты 2023

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКСКУРСИЯЛАР

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Тұңғыш Президентінің кітапханасы Ақмола облысы, Целиноград ауданының тұрғындарына экскурсия ұйымдастырды.

Мемлекеттік рәміздер – кез келген елдің ең басты атрибуты, тарихы мен мәдениетінің, егемендігі мен тәуелсіздігінің, халық пен биліктің бірлігі.

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КІТАПХАНАСЫНДА «ҚОШ КЕЛДІҢ, ШЫРАЙЛЫ ЖАЗ!» АТТЫ МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасында «Өнердің сиқырлы əлемі» дәстүрлі арт-терапиялық сессиясы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Қош келдің, шырайлы жаз!» мерекесі өтті. 

Құрметті отандастар! Жаздың алғашқы күндерінде біз дәстүрлі түрде Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері күнін атап өтеміз

Мемлекеттік рәміздер – Елтаңба, Ту, Әнұран – қай халықтың болмасын егемендігін бейнелейтін, ұлттық рухты танытатын, азаматтық болмысын қалыптастырып, өз еліне деген мақтаныш сезімін оятатын қасиетті мәні зор ажырағысыз атрибуттарының бірі.

    Алайда, бүгінгі қоғам санасында мемлекеттік рәміздер көбінесе мемлекеттік мекемелер, хаттамалық іс-шаралар, ресми бланкілер секілді ресми ұғымдармен байланыстырылғандықтан, оларға деген көзқарас үстіртті және алшақ.

«ҰЛТТЫҚ ПОЭЗИЯ ПАДИШАСЫ» АТТЫ ӘДЕБИ САҒАТ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті белгілі Алаш қайраткері, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі артына өшпес мол мұра қалдырған қаламгері Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған «Ұлттық поэзия падишасы» атты әдеби сағат өтті. 

Іс-шараға Астана қаласы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының педагогтары мен оқушылары қатысты. Олар Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың өмірі мен қызметі туралы, қазақ әдебиетіне қосқан үлестері, еңбегіндегі педагогикалық идеяларының құндылықтарымен танысты. 

БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ЕЛОРДАДАҒЫ ТАНЫМДЫҚ ЭКСКУРСИЯЛАР

Биыл Қазақстанда мектеп оқушылары үшін оқу жылы алғаш рет әдеттегіден ұзаққа созылды. Мектеп күндері аяқталғаннан кейін балалар көптен күткен мереке – Халықаралық балаларды қорғау күнінің атмосферасына еніп кетті.

ЕЛОРДАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР ҮШІН КӨШПЕЛІ ДӘРІС

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері үшін «Ұлттың өрлеуінің ұлы дәуірі» атты көшпелі дәріс өткізді.

Іс-шара барысында дәріскер ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның саяси жүйесінің дамуы және Алаш көшбасшыларының қызметі, олардың Отан тарихындағы рөлі мен маңызына ерекше назар аудара отырып, мемлекетті институттандырудың тұжырымдамалық мәселелерін баяндап берді.

ПРЕЗИДЕНТТІК КІТАПХАНАЛАР МЕН ҚОРЛАР ТУРАЛЫ ӘЛЕМДІК ЖАҢАЛЫҚТАР ДАЙДЖЕСТІ (2023 ЖЫЛ, МАМЫР)

Франклин Рузвельт үйінің ұлттық тарихи орны мен Франклин Д. Рузвельт президенттік кітапханасы мен мұражайында 2023 жылдың 27-29 мамыры, Еске алу күні демалыс күндері тегін көпшілікке арналған іс-шаралар өтті

ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА АРНАЙЫ ЭКСКУРСИЯ-ДӘРІСТЕРІ ӨТКІЗІЛДІ

30-31 мамырда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасында Астана қаласындағы № 77 мектеп-лицейі және № 82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің оқушыларына «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» тақырыбында экскурсия-дәрісі өтті.

Экскурсия-дәрісі Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңыңда «Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері» экспозициялық залында өткізілді.

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАСЫ «АЛЖИР» МҰРАЖАЙ-МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІНЕ АРХИВТІК ҚҰЖАТТАР ТАПСЫРДЫ

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасы мен Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің 18 құжат пен 60-тан астам кітаптарын «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешеніне салтанатты тапсыру рәсімі өтті.