«МЕНІҢ ЕЛІМНІҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫ» КӨРМЕСІНІҢ АШЫЛУЫ ӨТЕДІ

2021 жылдың 15 қазанында, сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде (Бейбітшілік көшесі, 11Қазақстан мен Индонезияның балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Менің елімнің мәдени мұрасы» атты  халықаралық байқауының қорытындысы бойынша көрменің ашылуы өтеді.

Елбасы кітапханасы, Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы елшілігі, Индонезия Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігі, Индонезия Республикасының Ұлттық кітапханасы және Нұр-Сұлтан қаласындағы Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы ұйымдастырған байқау және қорытынды көрме Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Индонезия Республикасы Тәуелсіздігінің 76 жылдығына арналған.

Бұл жобаның негізгі мақсаты – балаларды Қазақстан мен Индонезияның мәдениеті мен шығармашылығымен таныстыру, сондай-ақ олардың жеке әрі шығармашылық әлеуетін ашуға жағдай жасау.  

Маусым айының басында конкурсты өткізу жарияланып, Қазақстанның немесе Индонезияның дәстүрлері; Қазақстанның немесе Индонезияның аңыздары, фольклоры; Қазақстанның / Индонезияның көрікті жерлері (пейзаж); Қазақстан мен Индонезия арасындағы достық; мен өз елімде (Қазақстан/Индонезия) тәуелсіздік күнін қалай атап өтемін тақырыптардың біріне сурет салу ұсынылған болатын.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шығармашылық жарыс екі елдің жас ұрпағы арасында мәдени құндылығын түсінуге, Индонезия мен Қазақстан арасындағы достықты адамзат қоғамдастығының бір бөлігі ретінде дамытуға деген ұмтылысты байқатады.

Байқауға екі елдің 400-ге жуық балалары мен жасөспірімдері қатысты. Нәтижесінде 60 үздік жұмыс іріктеліп алынды, олардың барлығы көрмеге қойылады. Үш жас санаты бойынша 30 жеңімпаз бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Индонезиялық қатысушылар мен жеңімпаздар, сондай-ақ Индонезияның Джакартадағы Ұлттық кітапханасы іс-шараға Zoom бейнебайланыс арқылы онлайн қатысады.

Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат, Индонезия Республикасының Қазақстан Республикасындағы бұрынғы елшісі Рахмат Прамоно, Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Елшісі Данияр Сарекенов және Индонезия Республикасы Ұлттық кітапханасының басшысы Мухаммад Сиариф Бандо құттықтау сөз сөйлейді.

Көрме аяқталғаннан кейін балалардың барлық жұмыстары 2021 жылдың желтоқсан айында Индонезияның Джакарта қаласындағы Ұлттық кітапханасында көпшілік назарына ұсынылатын болады.

Онлайн-трансляциясы Zoom платформасында өткізіледі. Трансляция сұрақтары бойынша мына телефондар арқылы хабарласуға болады.: 8 778 917 51 56, 8 708 383 20 90.

Тіркелу міндетті!

БАҚ өкілдері құжаттарын 15.10.2021 жылғы сағат 12.00-ге дейін presidentlibrary.pr.kz@gmail.comэлектрондық мекенжайға жолдауы керек.

Анықтама телефондары: + 7 (7172) 69-30-56, 69-30-59.