«ТУҒАН ӨЛКЕМ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КӨРМЕСІ МЕН МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

5 желтоқсан күні сағат 17.00-де Елбасы кітапханасының музейінде (Бейбітшілік к-сі, 11) «Туған өлкем» балалар шығармашылығы мен қосымша білім беру ұйымдарын қолдау бойынша республикалық бағдарламаның лауреаттарын марапаттау рәсімі мен қорытынды көрменің ашылуы өтеді.

Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына үн қосу ретінде туындаған, «Туған өлкем» республикалық бағдарламасы балалар шығармашылығын қолдау бойынша және еліміздің қосымша білім беру мекемелерінің жұмысын насихаттауға арналған. Бағдарлама Елбасы кітапханасының 2005 жылдан бастап «Балалық шақтан көзқарас» серіктестік жобасын жүзеге асырып келе жатқан Нұр-Сұлтан қ. Балалар көркемсурет мектебі–ЮНЕСКО клубының бірлескен жұмысын жалғастыруда.

Елбасы кітапханасында бағдарлама іске асырылып келе жаткан екі жылдың ішінде, Семей, Шымкент, Павлодар, Екібастұз, Қарағанды, Шахтинск және Көкшетау қалаларынан 7 көрме ұйымдастырылды. Әр көрмеде өзінің тарихы мен өзіндік ерекшелігі бар көркемсурет мектептері түлектірінің үздік жұмыстары ұсынылды. Көрме нәтижесі бойынша қазылар алқасы үздік жұмыстармен қатар, сайысқа қатысқан әр мектептің үздік оқытушыларды анықтайды.

Үш көрмеден барлығы әр түрлі техника мен жанрларда 200-ден астам дипломдық жұмыс қойылды, олардың 30-ы ғана қорытынды көрме көрермендерінің назарына ұсынылатын болады. Барлық лауреаттар бағалы сыйлықтармен марапатталады.