29 қарашада сағат 15.00-де Елбасы кітапханасында Тұңғыш Президенті күніне арналған «Тарихи таңдау» ғылыми-экспозициялық жоба аясында іс-шаралар өтеді.
«Тарихи таңдау» жобасы аясында жыл сайын еліміздің жаңа саяси тарихының әртүрлі қырлары ашылады. 2019 жылы жобаның негізгі тақырыптары «Тіл туралы» Заңның 30 жылдығына және Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық бастамаларының тарихына арналды.
15.00 – «Ғылыми – әдеби қонақжай» – саяси, тарихи және лингвистикалық үш түрлі көзқарас арқылы Қазақстанның тіл саясатының тарихы қаралатын диалог алаңы. Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың өлеңдерінде өнертанушылық құрамдастар орындалатын болады. Іс-шарада ғылым мен мәдениет саласының беделді өкілдері, Қазақстанның белгілі қоғам қайраткерлері 30 жыл бойы мемлекеттік тілге қатысты мемлекеттік саясаттың даму тарихы туралы өз сараптамалық пікірлерін айтады.
15.30 – көрмелердің салтанатты ашылу рәсімі.
«Мәртебесі биік марапаттар» көрмесі экономика, денсаулық сақтау, ғылым, білім беру, ұлтаралық және дінаралық келісімді сақтау, спортты қолдау және Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатындағы басқа да жетістіктері үшін әр жылдары берілген Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың қоғамдық марапатының бірегей топтамасының кешенімен таныстырады. Көрмеде 40-тан астам экспонат ұсынылатын болады.
Елбасы кітапханасының архив, музей және кітап жинақтарынан тұратын «Тіл тағдыры – ұлт тағдыры» көрмесі төрт тақырыптық бағытты жүйелі түрде ашады: Дәстүрлі қазақ қоғамының жазу тарихы, «Көшбасшылыққа 30 жыл», «Тіл туралы» Заңға 30 жыл, Қазақстан Республикасының қазіргі тіл саясаты. Көрмеге Елбасының жеке мұрағатынан барлығы 70-тен астам құжаттар мен 50 фотосурет қойылады, олардың ішінде ХХ ғасырдың 80-90 жж. Н.Ә. Назарбаевтың қолжазбалары, жұмыс жазбалары бар.
Музей және кітап жинақтарынан алынған материалдар архив дереккөздерімен қатар, қазіргі заманғы қазақ тілін, үш тілділікті, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін қолдауға, Қазақстанның бай әдеби мұрасын насихаттауға бағытталған мемлекеттік тіл саясатын іске асыру тарихын бейнелейді.
«Тарихи таңдау» жобасы аясындағы көрмелер 2020 жылдың 29 ақпанына дейін жалғасады.