ПЕДАГОГТАР ШЕБЕРЛІГІ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТЕДІ

4 желтоқсан күні сағат 15.00-де Елбасы кітапханасында (Бейбітшілік к-сі, 11)«Туған жер – тұнған тарих» атты үздік музейлік сабаққа қалалық педагогтар шеберлігі байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

Конкурсты ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы, Нұр-Сұлтан қаласының «Әділет» білім беру кәсіподағы, «Астана дарыны» ДДжПСО.

Байқаудың негізгі мақсаты мен міндеттері:

1. Ел егемендігінің қалыптасуының негізгі кезеңдерін, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алу мен даму тарихын, әлеуметтік-саяси реформалау үрдістерін, Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа кірігуі, экономикалық және мәдени қайта құрулар, тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тарихи рөлін ашу.

2. Музей педагогикасы саласындағы озық технологияларды анықтау және қолдау, музейлік-педагогикалық мамандардың біліктілігін арттыру мен музейлік білім беру саласындағы инновациялық тәжірибелермен алмасуға ықпал ету.

3. Оқытудың дәстүрлі әдіс-тәсілдерін әрі қарай дамыту және музейлік білім кеңістігіндегі қазіргі заманғы музейлік-педагогикалық тәсілдер мен технологияларды зерделеу.

4. Музей педагогы мамандығының мәртебесін көтеру, талантты педагогтарға қолдау көрсету.

5. Әріптестерге білім мен мәдениетке кірігуге көмектесу.

6. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің өмірі, мемлекеттік және қоғамдық қызметіне қатысты музей қорын насихаттау.

Ашық сабақтар мен сыныптан тыс шараларда педагогтер Қазақстан тарихындағы еліміздің Тұңғыш Президентінің қызметін аша білді. Сабақ барысында музей қорынан алынған құнды материалдар қолданылды.