ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КІТАПХАНАСЫНДА ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ VII СЪЕЗІНЕ АРНАЛҒАН «ДІНДЕР ДИАЛОГЫНАН – ӨРКЕНИЕТТЕР ТОҒЫСУЫ» АТТЫ ТАҚЫРЫПТЫҚ КӨРМЕ АШЫЛАДЫ

2022 жылғы 13 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне арналған (2022 ж. 14-15 қыркүйек) «Діндер диалогынан өркениеттер тоғысуы» атты тақырыптық көрме өз жұмысын бастайды. Форум пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың әлеуметтік-рухани дамуындағы діни көшбасшылардың рөліне арналған.

Кітапхананың қор жинақтары, кітаптар, архивтік және музейлік материалдар Съез алаңында жаһандық деңгейде дінаралық қатынастар тарихында 20 жылға жуық көріністі қалыптастырды, бұл әрине асыра айтқанымыз емес, өйткені «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезін шақыру туралы бастама және жүзеге асырылуы» тақырыбы жөнінде барынша толыққанды әрі жан-жақты болып табылады.

 Қазақстан Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде қоғамда бейбіт және үйлесімді қарым-қатынас орнату мәселелерінде «әралуандықтағы бірлік» қағидаттарын және елдің болашағы үшін бірлескен жауапкершілікті, этностық және діни ерекшеліктеріне қарамастан азаматтардың құқықтарын құрметтеу мен қамтамасыз етуді басшылыққа алды. Осы жылдар ішінде Қазақстан бейбітшіліктің, жалпыұлттық бірліктің және конфессияаралық диаогтың өзіндік моделін жасады.

Еуразияның жүрегінде орналасқан тәуелсіз Қазақстанның жас астанасы – Астана қаласында (қазіргі Нұр-Сұлтан) 2003 жылғы 23-24 қыркүйекте әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының I съезі өткен тарихи оқиғадан 19 жыл өтті. Әр үш жыл сайын форум алаңында түрлі конфессиялардың рухани көшбасшыларының жан-жақты сындарлы диалогы адамзаттың күрделі мәселелерін бейбіт жолмен шешудегі жаңа мүмкіндіктерді көрсетеді.

Көрме материалдары ауқымы жағынан бұрын-соңды болмаған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларың съезін шақыру идеясын жүзеге асыру кезеңдерін дәйекті түрде ашып көрсетеді.

Көрме үш бөлімнен тұрады:

I. «Бейбітшілік пен келісім үшін». Бөлімде қауіпсіздік, ынтымақтастық және даму саласындағы жаһандық және өңірлік күн тәртібін қалыптастыруға және іске асыруға қомақты үлес қосатын Қазақстанның көпвекторлы, прагматикалық және белсенді сыртқы саясатын көрнекі түрде көрсететін кітапхана жиналысынан материалдар ұсынылған.

II. «Бейбітшілікке деген ұмтылыспен біріккен». Бұл бөлімде Съезге қатысушылардан келіп түскен экспонаттармен суреттелген әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының өткен съездері туралы ақпарат көрсетілген.

III. «Әлем діндері». Бөлімнің ақпараттық хабарламасын қасиетті кітаптар, әлемдік дәстүрлі діндер сенімінің нышандары суреттейді. Бұл бөлімнің экспозициясында шетелдік делегациялар мен әлемдік дін өкілдерінің сыйы негізінде жасалған музейлік тақырыптық топтамалар ұсынылған.

Көрме материалдарымен elbasylibrary.gov.kz сайтындағы «Көрмелер» және «Жобалар» бөлімнен танысуға болады.