2021 жылғы 16 қарашада сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасының музейінде (Бейбітшілік көшесі, 11) Нұр-Сұлтан қаласы Суретшілер одағының жастар бірлестігі мүшелерінің «Өзгерістер кезеңі» көрмесі ашылмақ.
Көрме «Тәуелсіздіктің мәдени негізі» жобасы аясында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу тұсында Елбасы кітапханасының Нұр-Сұлтан қ. Суретшілер одағымен ынтымақтастығын нығайтып, тәуелсіздік ұрпақтарының шығармашылық ізденістеріне баса назар аударды.
«Өзгерістер кезеңі» көрмесі Нұр-Сұлтан қ. Суретшілер одағының жастар бірлестігі мүшелерінің орындаған Қазақстанның қазіргі заманғы көркем және сәндік-қолданбалы өнеріне тән үрдістердің кең спектрін ұсынады.
Елбасы кітапханасының алаңында алғаш рет шығармашылық еркіндікті бойына сіңірген жаңа ұрпақтың жанры мен шығармашылық қызығушылығы жағынан сан алуан 40 жұмысы ұсынылады.
Көрме 2021 жылдың 10 желтоқсанына дейін жалғасады. Оның материалдарымен https://elbasylibrary.gov.kz сайтындағы «Көрмелер» бөлімінде танысуға болады.
БАҚ өкілдері аккредитациядан өтуі тиіс.
Оған қажетті мәліметті 2021 жылдың 16 қарашасы, сағат 11.00-ге дейін presidentlibrary.pr.kz@gmail.com электрондық поштасына жіберуді сұраймыз.
Қосымша ақпаратты келесі телефон нөмірлері арқылы алуға болады: 8 (7172) 69-30-56 немесе +7 701 250 25 69 (баспасөз қызметінің аға сарапшысы Исина Айгерім Еркінқызы).