26 қарашада, сағ. 17.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде (Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 54) Елбасы кітапханасының жинағынан жасақталған «Елбасы және мәдениет» көрмесінің тұсаукесері өтеді. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне орайластырылған көрме көп ұлтты Қазақстан халқының рухани құндылықтарын жаһандық деңгейде ілгерілетуде, мәдениетті қайта жаңғыртуда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың рөлін бейнелеуді көздейді.
Елбасы кітапханасының «Елбасы және мәдениет» атты көрмесі Қазақстан Республикасының сәулеті мен кино өнері, қолданбалы және бейнелеу өнері, музей, театр, архив, кітапхана саласы, тәуелсіздік жылдарындағы мәдениет саласының мемлекеттік саясаты, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау саласы сияқты бағыттардың негізінде Елбасы кітапханасы архивінің 170-тен астам материалын ұсынады.
Аталмыш көрме 2020 жылдың 5 қаңтарына дейін жалғасады.