2019 жылғы 22 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған Елбасы кітапханасының іс-шаралар онкүндігінің аясында М.С. Нәрікбаев атындағы KAZGUU университеті (Қорғалжын тас жолы, 8) «Елбасы. Жастық. Жасампаздық» ақпараттық-имидждік жоба бағдарламасы жүзеге асырылатын болады.
Жастар жылына орай ұйымдастырылып отырған «Елбасы. Жастар. Жасампаздық» ақпараттық-имидждік жобасы Елбасы кітапханасы қызметінің білім беру, көрмелік және экскурсиялық үш негізгі бағытын біріктіреді.
15-00 сағатта Елбасы кітапханасының архивтік және музейлік жинақтары негізінде «Елбасы. Жастар. Жасампаздық» кешенді көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. Көрме дәйекті түрде үш тақырыпты насихаттайды: Қазақстан Республикасында президенттік институттың құрылу тарихы; Қазақстанның мемлекеттік жастар саясаты, болашаққа бағытталған елдің даму стратегиялары.
15-30 сағатта «Тарихи таңдау. Бастамасы» (Елбасының еңбек өмірбаяны), «Тарихи таңдау. Ұмтылмас» (Қазақстанның сыртқы саяси жетістіктері), «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» (Елбасы Н.Ә. Назарбаевқа тарту етілген шетелдік жоғарғы мемлекеттік марапаттар коллекциясы туралы), «Қазақстанның спорттық даңқы» (тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің спорттық жетістіктері) тақырыптық экскурсиялары ұйымдастырылады. Көшпелі тақырыптық экскурсиялардың форматы оның қатысушыларына бірегей материалдардың тұтас кешенімен танысуға мүмкіндік береді. Олардың арасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тарихи жолын баяндайтын бейнохрониканың сирек кадрлары, фотосуреттер мен архивтік құжаттар. Көрмеге келушілер архивтік құжаттардың беттерін парақтап, музейлерде кездеспейтін жәдігерлерді көре алады.
16.00 сағатта Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдардың докторы, профессор Ә.М.Рахымжановтың дәрісі өтеді.