25 қарашада, сағ. 15.00-де Тұңғыш Президент күніне арналған онкүндіктің аясында Елбасы кітапханасында (Ә. Бөкейхан к-сі, 1) кино апталығының тұсауы кесіледі.
Кино апталығының ашылу рәсіміне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, белгілі актер, тележүргізуші, композитор, «Жас тұлпар» және «Серпер» ҚР жастары одағы сыйлықтарының иегері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Әлімжанов қатысады.
Игі дәстүрге айналған кино апталығында мектеп оқушыларына, колледж бен жоғарғы оқу орны студенттеріне, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттары мен докторанттарына, Ұлттық гвардия қызметкерлеріне «Елбасы жолы» киноэпопеясының «Балалық шағымның аспаны», «От өзен», «Тығырықтан жол тапқан» атты бөлімдері көрсетіледі.