«ЕЛ ТАҒДЫРЫН АЙҚЫНДАҒАН ТӘУЕЛСІЗДІК» ФОРУМЫ

6 желтоқсанда сағат 10.00-де Елбасы кітапханасының музейінде Тәуелсіздік күніне арналған  (Бейбітшілік к-сі, 11) «Ел тағдырын айқындаған Тәуелсіздік» форумы өтеді.

Форум жұмысына Конституциялық Кеңестің, Парламенттің, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық өкілдері, ғылыми-зерттеу институттары мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысады.

Форумның мақсаты – тәуелсіз мемлекетті нығайтудағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тарихи рөлін, қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жаңғыртудағы өзекті мәселелерді, тәуелсіздік жылдарындағы мемлекеттің қалыптасуындағы негізгі нәтижелер мен келешегін, халықаралық аренадағы жаһандық жетістіктерді талқылау.