2021 жылдың 18 қараша күні, сағат 16.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында (Ә.Бөкейхан көшесі, 1А) «Тұлғаның тылсым сыры» қор көрмесінің ашылуы өтеді

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары қатысады.

Көрме Елбасы кітапханасының музей коллекциясындағы бейнелеу өнері заттары мен ыдыс-аяқтар жинақтарының «портреттер» тақырыптық тобынан дайындалды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жеке феноменін түсінуге жаңа бояулар мен штрихтар енгізілген көрменің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында ашылуы кездейсоқ емес.

Көрме қонақтарына түрлі материалдардан: тастан, шыныдан, балық терісінен, тас үгіндісінен, табиғи теңіз құмынан, әшекейлі жіптен, күріштен, тарыдан, фарфордан және т.б. көркем және сәндік-қолданбалы өнердің бірегей авторлық техникалары мен жанрларында жасалған жұмыстар ұсынылады.

БАҚ өкілдері аккредитациядан өтуі тиіс!

Оған қажетті мәліметті 2021 жылдың 18 қарашасы, сағат 12.00-ге дейін presidentlibrary.pr.kz@gmail.com электрондық поштасына жіберуді сұраймыз.

Қосымша ақпаратты келесі телефон нөмері арқылы алуға болады: 8 (7172) 69-30-56 (баспасөз қызметінің аға сарапшысы Амиргазина Жибек).