«Тарихи таңдау» ғылыми-экспозициялық жобасы
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының көрме қызметінің маңызды бағыттарының бірі – «Тарихи таңдау» ғылыми-экспозициялық жобасын жүзеге асыру. Жобаның пайда болу тарихы 2011 жылғы 14 желтоқсанда мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін белгілеуден басталады. Жыл сайын жоба еліміздің жаңа саяси тарихының түрлі қырларын ашады, әрбір көрме белгілі бір тақырыптық бағыттағы зерттеу жұмыстарының нәтижесі болып табылады.