Басшылық

Директор

ТЕМІРБОЛАТ БАҚЫТЖАН БЕРІКБАЙҰЛЫ

 1972 жылдың 10 желтоқсанында дүниеге келді.

 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша үздік бітірді.

Еңбек жолын сол жылы-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері болып бастаған.

2000 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен жұмысқа шақырту алды.

2002-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат басқармасы Ақпараттық-талдау орталығының консультанты, бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, бас инспекторы.

2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының бас инспекторы.

2007-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары.

2018-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі.

2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы.

2020 жылдың 29 желтоқсанынан бастап «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы» мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары болып тағайындалды. 

2021 жылдың 15 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы» мемлекеттік мекемесі директоры болып тағайындалды. 

2010 жылы саяси ғылымдар кандидаты ғылыми дәрежесін дәлелдеу үшін «Мемлекеттік басқару жүйесіндегі саяси өкілдіктің мүддесі: эволюция және қазіргі заман (Қазақстан Республикасының мысалында)» тақырыбында диссертация қорғады.

«Қазақстан Республикасының Парламенті: қалыптасуы, реформалардағы рөлі, болашағы» басылымдарының, «Азия серпілісі», «Назарбаев моделі», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қызмет хроникасы» көп томдық сериясының бірлескен авторы, сондай-ақ көптеген ғылыми мақалалардың авторы.

«Құрмет» (2009ж.), «Парасат» (2016ж.) ордендерімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.