В Библиотеке Лидера Нации подвели итоги Республиканского конкурса «Идеи, меняющие мир»

15 желтоқсан күні Елбасы кітапханасында «Әлемді өзгертетін идеялар» Республикалық байқауының қорытындысы шығарылды, жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталды.

0U3A2167

Байқауды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-мен бірлесіп ұйымдастырды. Мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамалары мен идеяларын білім беру мен тәрбие жұмысында қолданудың жаңа әдістерін анықтау. Сайысқа елдің барлық өңіріндегі Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ұстаздары қатысты.

«Әлемді өзгертетін идеялар» байқауы биылғы жылдың қыркүйек айында бастау алды. Оқу ордаларында өткен бірінші іріктеуден кейін мұғалімдердің жұмыстары Елбасы кітапханасында қарастырылды. Байқаудың екінші кезеңінің қорытындысын арнайы құрылған комиссия шығарды.

0U3A2179

Байқауға қатысуға 49 мұғалім ұсыныс білдіріп, олардан Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 22 кітабы бойынша 40 жоба ұсынылды.

Салтанатты шараның ашылуында сөз алған байқау комиссиясының төрағасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының атқарушы директоры Бейсембай Жумабеков жиналған қауымды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, байқауға қатысқан жұмыстардың ерекшелігін атап өтті:

- Байқаудың басты мақсаты – Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында және кітаптарында көрініс тапқан бастамаларын өскелең ұрпақтың санасына жеткізу. Бүгінгі күнге дейін Президенттің 50-ден астам еңбегі жарық көрді. Бүгін біздің назарымызға ұсынылған жобалар сол кітаптардың негізінде құрылған әдістемелік нұсқаулықтар. Мемлекет басшысының еңбектері қоғамда жоғары сұранысқа ие болып, әр жас азамат үшін рухани және мансаптық өсімге жеткізетін күшке айналуы керек, - деді.

Марапаттаудан бұрын ақтық сынға жеткен 8 қаладан келген 10 байқау қатысушысы комиссия алдында өз жұмыстарын қорғады. Комиссия құрамы: Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Әсима Бимендина, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрілі мектепке дейінгі және орта білім беру Департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшідинова, Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Жапсарбай Қуанышев, Елбасы кітапханасы ұйымдастыру-имидждік жұмыс Қызметінің жетекші сарапшысы Күнсұлу Исинова. Комиссия төрағасы – Елбасы кітапханасының атқарушы директоры Бейсембай Жұмабеков.

0U3A2188

- Елбасы кітапханасының біздің ұстаздарымыздың қатысуымен «Әлемді өзгертетін идеялар» байқауын өткізу туралы ұсынысын қуана қарсы алдық. Бұл оқыту деңгейін жоғарлату үшін, кәсіби шеберлікті шыңдау үшін өте қажет. Жұмыс барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбектерін пайдалану өте маңызды болды. Өйткені, еліміздің тәуелсіздік алған жылынан бастап бүгінгі күнге дейін Президенттің идеялары тарихи маңызды және актуалдығын сақтап келеді, - «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшідинова.

Байқау қатысушыларының жұмыстары қарастырылып, нәтижесі шығарылғаннан кейін байқау жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау шарасы өткізілді.
Бірінші орында «Адамгершілікпен өрілген өмір бейбіт тірлікке бастады» жұмысымен Павлодар қаласы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Ботагөз Төқай. Екінші орын «Қазақстан прогрессінің артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау» жұмысымен Астана қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектептебінің мұғалімі Ержан Шағымолдинде. Үшінші орын «Стандартный вид числа в цифрах и фактах» жұмысын ұсынған Көкшетау қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Жұлдұз Байғаринаға бұйырды.

0U3A2340

Жеңімпаздар дипломдармен, естелік сыйлықтармен және Елбасы кітапханасының электрондық оқырман билеттерімен марапатталды. Бұл билетке Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың мобильдік кітапханасы енгізілген, сонымен қатар Кітапхананың электрондық ресурстарын пайдалануға мүмкіндік береді. Қалған қатысушыларға алғыс хаттар мен кітаптар сыйланды.

Үшінші орынға ие болған Жұлдұз Байғарина өз жобасы туралы баяндап берді:
- Мен өз жұмысымда Президенттің «Мәңгілік Ел» кітабын қолдандым. Менің мақсатым математиканы оның өмір жолымен және Қазақстан тарихымен байланыстыру болды. Балалар есеп шығару барысында олардың шарттарынан біздің отанымыз туралы көптеген мәлімет алса екен деген ой болды. Өз жобамды дайындау барысында өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесін де алға тарттым, - деді ол.

0U3A2394