Елбасы кітапханасының Талдау кешені Қазақстан-Ресей IQ-клубының тең құрылтайшысы атанды

21 желтоқсан күні Қазақстан-Ресей сарапшыларының IQ-клубы ашылды. Жаңа ақпараттық-сараптамалық кешен Қазақстан мен Ресей сарапшыларын біріктіру мақсатымен құрылды. IQ сарапшылар клубының жұмысы – зияткерлік қолдау көрсету, ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізу, сарапшылар баяндамаларын біріге дайындау.  

Фото на сайт 2

IQ-клуб құрылтайшылары – М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің посткеңестік кеңістігіндегі саяси-қоғамдық үрдістерді зерттеу бойынша Ақпараттық-сараптамалық орталығы (Ресей, Мәскеу қ.), «Север-Юг» Саясаттану орталығы (Ресей, Мәскеу қ.), Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Талдау кешені (Қазақстан, Астана қ.) және «Евразия-Поволжье» Ақпараттық талдау орталығы (Ресей, Саратов қ.).

«Россия сегодня» ХАА-нде өткен «Астана-Мәскеу» видеокөпірі барысында «Север-Юг» Талдау орталығының директоры Юлия Якушева:  

– Бүгін бізде жақсы ақпараттық себеп бар. Мәскеуге Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев келді. Қазақстан мен Ресей басшыларының арасындағы қарым-қатынас тығыз, соған қарамастан ақпараттық кеңістікте еуразиялық интеграция айналасында түрлі толқуларды байқаймыз. Бұл жағдай Ресей мен Қазақстан елдерінің сарапшылар қауымынан біріккен жұмысты қажет етеді, -деді.

Клубтың ашылуына негіз болғандардың бірі – «Евразия-Поволжье» ақпараттық-сараптамалық орталығының директоры Марина Лапенконың пайымынша, жаңа құрылымның басты мақсаттарының бірі – өңірлік байланысты дамыту:

– Сарапшылардың жаңа алаңын құру қажеттілігін көріп отырмыз. Бұл жерде өңірлердің рөлі зор. Мәселен, Саратов-Самара облыстары арасында өзара тауар айналым үлкен. Клуб ашу арқылы шекаралық байланысты негізге ала отырып, Ресей мен Қазақстан арасындағы сарапшылардың еңбегін біріктіре түсеміз, деді ол.

21 декабря 1

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Тимур Шаймергеновтің айтуынша, «бүгінгі ақпараттық кеңістік түйткілі табылмаған мәселелерді туындатады. Бұл тұрғыда қазақ-орыс қарым-қатынасын дұрыс түсісіндіру қажеттігі туады. Бұл іспен клуб та айналысатын болады. Одан бөлек бұл ұйымның мақсаты – жас ғалымдар арасындағы диалогты қалыптастыру болмақ»:   

- Қазақстан мен Ресейдің жас ғалымдары мен сарапшылары арасында  байланыс мүлдем жоқ деуге болады. Өз кезегінде, біздің клуб екі ел арасындағы ғылыми диалогты қалыптастыру мақсатында жаңа технологияларды, соның ішінде желілік тәсілдерді қолдану қолға алынады, - деді Тимур Шаймергенов.

Сондай-ақ, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Тарих факультетінде «Ресей мен Қазақстан арасындағы екі жақты ынтымақтастықтың ағымдағы күн тәртібі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Фото на сайт

Кездесу барысында Ресей мен Қазақстанның ғылыми-академиялық және сарапшылар қауымдастығының өкілдері екі жақты ынтымақтастық,  экономика, қауіпсіздік, екі ел арасындағы қоғамдық диалог мәселелерін талқылады. Жиынға қатысушылар Еуразиядағы геосаяси және экономикалық ахуалдың қалыптасуына, ақпараттық кеңістіктің дамуына байланысты қоғам арасындағы байланысқа аса мән берген жөн, сонымен қатар, Қазақстан мен Ресей арасындағы ғылыми, сарапшылық, ақпараттық орталықтар арасындағы байланысты нығайту қажет деген ой білдірді.

Дөңгелек үстел жұмысына РҒА Шығыстану Институтының, РМГУ  Әлеуметтік факультетінің, РҒА Шығыстану Институтының Орталық Азия, Кавказ және Урало-Поволжье зерттеу Орталығының, РҒА экономика Институтының посткеңестік зерттеу Орталығының, РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің, «Евразия-Поволжье» Ақпараттық-сараптау орталығының, ХҚТИ-дың ТМД және Балтияның елдерін зерттеу бойынша ҒББО, РҒА ХҚӘЭИ еуропалық зерттеулер Орталығының, РФ СІМ ХҚММИ (У) Сараптау орталығының, Ресей стратегиялық зерттеу институтының (РИСИ), РФ СІМ ХҚММИ (У) ғылыми зерттеу Институтының, ТМД елдері Институтының, «Север-Юг» саяси орталығының өкілдері қатысты.

Шара соңында қатысушылар Қазақстан-Ресей сарапшылар IQ-клубын құру туралы үшжақты меморандумға қол қойды.