2015 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Лекторий кестесіне сәйкес келесі іс-шаралар өткізілді:
Дәрістер:
– «Жастар және дәстүрлі емес діни ұйымдар: әдістері мен қызмет ету ерекшелігі»;
– «Қазақстанның тарих ғылымы: «Ғасырлар тоғысындағы халық» тарихи зерттеулер бағдарламасының аясындағы жетістіктер мен проблемалар».
Тәуелсіздік күні қарсаңында Музейде қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – қазақтың сан ғасырлық арманы» атты сан ғасырлық Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғаларды сипаттаған тарихи көріністер шеруі өткізілді.
Желтоқсан айы бойынша Музейдің Білім беру бағдарламасына қатысушылардың саны – 300 адам. Олардың негізін Астана қ. жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары, колледж студенттері, тарих және қоғамдық пәндер мұғалімдері құрады.