Баубекова Әлфия Бағабиқызы
Мен Баубекова Әлфия Бағабиқызы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейіне барған сәтіммен сіздермен бөліскім келді. Музейде барлық экспонаттарды - Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың отбасымен қолданған заттарын көріп тамашаладым, Әлжан әжеміздің тігін машинасы көзіме оттай басылды. Балалық шағым есіме түсті. Қайталанбас балғын балалық шағыммен қайта қауышып кездескендей болдым.Шіркін шаттана күліп, шүйіркелесіп,Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен бала кезімізде бірге ойнап, бірге жүрген шақтарым көз алдымнан дәл бүгінгідей өтіп жатты. Осы музейден Нұрсұлтан Әбішұлының отбасымен түскен суретін көргенде Әбіш ата мен Әлжан апаммен сөйлескендей, бір мауқымды басып, туған-туыстай жақсы араласып, сыйласып өскендіктен, қуанып көзіме жастың қалай келгенін байқамай да қалдым. Нұрсұлтанның еңбек жолындағы жетістігі көрсетілген көрмені көріп,ерекше марқайып, жерлесімнің жетістігін мақтан еткенім сырт көзге байқалып тұрды.Сонымен қатар өмір мектебінен өткен Нұрсұлтан Әбішұлының бірнеше елден алған марапаттарын, төс белгілерін, алқаларын көріп бір ерекше қуанышқа кенелдім. Елбасы болып елінің, халқының сенімінен шыққан, Отаны үшін ерен еңбегінің шыңырау биігіне жеткен, елу елдің қатарына жеткізген Нұрсұлтан бауырымдай болсыншы әр жеткіншек деймін. Жастарымыз Ұлы да, Ұлағатты Елбасынан үлгі алып, санасына тоқып, болашағына мақсат қоя білсе, нұр үстіне нұр емес пе! Ал құрметті халқым әр ер азамат дәл осы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы көрсеткен жолды жалғастырып, ерен еңбек жетістігіне жетсе, бұл қазақ халқы үшін үлкен жетістік болары сөзсіз. Мені музейге сұхбат беруге шақырып, Елбасымыз туралы естелігімді мұқият жазып алған, мені зор ықыласпен қарсы алып, көрмелерді аралатып таныстырған музейдегі қыздарыма Ботагөз Қайыпова, Ләйла Омарова, Гүлмира Атабаеваларға, өте риза болдым. Нұрсұлтанның жақсы көретін әндерін орындап, Елбасы туралы кітаптарды сыйға алып, естелік, әңгімелерімді айтып төбем бір көкке жеткендей, үлкен қуанышпен бойыма қанат біткендей әсер алдым.Музейдегі қызметкер қыздарыма айтар алғысым шексіз! Сексенге келген аналарың Сендерге өмірлерің ұзақ, қызметтерің мерейлі, бақыттарың баянды болсын деп батасын береді. Алғыс айту күніне сәйкес келген бұл күн, Ерекше күн болып есімде қалды. Сұлу да сүйкімді қыздарым Ерекше құрметпен қарсы алды. Қазақи ерекше ықыласпен Ерекше құрметпен шығарып салды. Қыздарым еңбектерің жемісті! Жемісі шексіз болсын!!!