«ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ЖІБЕК ЖОЛЫ: ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ МҰНАЙ-ГАЗ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ МЕН БОЛАШАҒЫ»

«Энергетикалық жібек жолы: Орталық Азиядағы мұнай-газ ынтымақтастығының қорытындылары мен болашағы» халықаралық ғылыми конференциясының баяндамалар жинағы

2021 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Энергетикалық Жібек жолы: Орталық Азиядағы мұнай-газ ынтымақтастығының нәтижелері мен перспективалары» халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Бұл конференция ұлттық экономиканың тұрақты дамуында мұнай-газ секторының ерекше маңыздылығын, сондай-ақ біздің еліміздің Еуразияда энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қолдайтын маңызды өңірлік хаб ретінде қалыптасуын көрсетеді.
Ғылыми конференцияның серіктестері қазақстандық Қытайды зерттеу орталығы және Қазақстандағы Интернационал ҚҰМК болды. Іс-шараға Қазақстан, Қытай, Өзбекстан және Қырғызстанның көрнекті саяси қайраткерлері, ғалымдары мен сарапшылары, мемлекеттік органдардың, зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Іс-шара қорытындысы бойынша конференция қатысушыларының баяндамалары жинақ болып басылды.