Ғылыми жобаның мақсаты – тұлғаның лидерлік қасиеттерінің қалыптасуындағы отбасының, мектептің және басқа әлеуметтік институттардың рөлін анықтау.
Жоба мынадай міндеттерді шешуге бағытталады:
1. Педагогикалық, әлеуметтік, тарихи және саяси зерттеулер жүргізу, ғылыми-зерттеу экспедициялар жасау, өткен жылдардың әлеуметтік деректеріне талдау жасау, Президент имиджі бойынша республикалық сауалдама жүргізу,
2. Шеберлік сыныптарын, ашық сабақтар, дәрістер, семинарлар, дөңгелек үстелдер мен конференциялар өткізу, «Отбасында, мектепте және басқа әлеуметтік институттарда лидерлік қасиеттерді қалыптастыру жағдайлары» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинарлар ұйымдастырып, өткізу.