№3-жоба «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және елдің сыртқы саяси стратегиясын қалыптастыру»

    Аталған жобаның мақсаты – Қазақстан Республикасының көп векторлы саясатының стратегиясын қалыптастырудағы Мемлекет басшысының рөлі мен оның сыртқы саяси беделінің нығаюын зерттеу мен көрсету. 

   Жоба мынадай міндеттерді шешуге бағытталады:
1.     Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты мен халықаралық қатынастарының қалыптасуы мен дамуы кезеңдерін, еліміздің сыртқы саяси стратегиясын құрудағы Мемлекет басшысының тарихи рөлін зерттеу;
2.     Еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде жүйелі шаралар қабылдаудағы Мемлекет басшысының негізгі идеяларына талдау жасау,
3.     Қазақстан Республикасының жаһандану жағдайындағы тарихи рөлі мен орнын ашып көрсету.