№1-жоба «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және тәуелсіз мемлекеттілікті қалпына келтіру»

Аталған жобаның мақсаты – жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның егемендігін нығайтудағы, тәуелсіз мемлекеттілігін қалпына келтіру мен оны орнықтырудағы Н.Ә. Назарбаевтың рөлін зерттеп, көрсете білу.

     Жоба мынадай міндеттерді шешуге бағытталады:
1.  Тәуелсіз мемлекеттілікті қалпына келтіру мен нығайту жылдарындағы, республиканың жаңа мыңжылдықтағы одан әрі дамуындағы Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі бағыттарын зерттеу;
2.   Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси үдерістердің негізгі үрдістерін анықтау;
3.   Осы үдерістердегі Н.Ә. Назарбаевтың тарихи рөліне талдау жасау және насихаттау.