Тілшілер жадынамасы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында БАҚ өкілдері жұмысын ұйымдастыру бойынша

ЖАДЫНАМА

I. Бұқаралық ақпарат құралдарының бастамасымен түсірілім (бейне, фото), сұхбат және басқалары үшін алдын ала Елбасы кітапханасының директоры Б.Б.Темірболаттың атына (эл. пошта kense@plibrary.kz; тел./факс +7 (7172) 69-30-08; 69-30-07) бағыттаушы ұйым басшысы қол қойған, мөрмен расталған өтінім хат жолдануы тиіс. Өтінім хатта мынадай ақпараттар нақты көрсетілуі тиіс:

1) жобаның нақты мақсаты мен сценарлық жоспары қоса жалғанған түсірілімнің форматы (телесюжет, бағдарлама, деректі фильм және т.б.);

2) түсірілімнің нақты күні мен уақыты;

3) сюжет жазбасының тілін көрсету;

4) Елбасы кітапханасы өкілдерінің қатарынан жоспарланған түсірілім немесе сұхбат қатысушыларын көрсету;

5) Елбасы кітапханасының ғимараты  (Назарбаев орталығы немесе Елбасы кітапханасының музейі) бойынша экскурсия ұйымдастыру  қажеттілігі;

6) түсірілім тобының қатысушылары туралы мәлімет (тегі, аты-жөні, лауазымы).

II. Елбасы кітапханасы өтінім хатты жеті жұмыс күніне дейінгі мерзімде қарастырады. Елбасы кітапханасының ғимараттарында маңызды іс-шаралар өткізілген жағдайда мемлекеттік мекеме түсірілім жасалатын күнді хат бастамашысын міндетті түрде ескерту арқылы басқа күнге ауыстыруы мүмкін.

III. Түсірілім жасауға рұқсат берілгеннен кейін одан әрі барлық ұйымдастырушылық мәселелер (бақылау-өткізу пункті арқылы рұқсатнаманы рәсімдеу, Елбасы кітапханасы туралы қосымша ақпарат ұсыну және т.б.) Баспасөз қызметі арқылы шешіледі (тел.: +7 (7172) 69 30 56; 69 30 57).

IV. Елбасы кітапханасы ұйымдастырған іс-шараларды тарату үшін аккредиттеуге өтінімді баспасөз хабарламаларында және сайтта көрсетілген Баспасөз қызметінің телефон нөмірлері бойынша беру қажет.

V. Түсірілім жасағанда жәдігерлер мен жабдықтардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша мәдени-музейлік мекемелерге бару ережелерін ұстануы қажет.

Елбасы кітапханасында өткізілетін іс-шаралар туралы ақпаратты Баспасөз қызметінен немесе Елбасы кітапханасының ресми сайтынан http://elbasylibrary.gov.kz білуге болады.

Өзара түсіністік пен тиімді серіктестікке үміттенеміз.

 

Ескертпе: Шетелдік баспасөз қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі аккредиттеуінің болуы міндетті.